Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дархан Сатыбалды Алматының электр желілерін жаңғыр...

Дархан Сатыбалды Алматының электр желілерін жаңғыртуды жеделдетуді тапсырды

Барлығы 19.02.2026, 10:16 179
Дархан Сатыбалды Алматының электр желілерін жаңғыртуды жеделдетуді тапсырды
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды электр желілерін дамыту жөніндегі басым жобаларды белгіледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қала әкімі Дархан Сатыбалды қаланың электрмен жабдықтау инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиында атқарылған жұмыстардың нәтижесі қаралып, 2026 жылға және одан кейінгі кезеңге арналған басым бағыттар бекітілді. Бұл туралы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының өкілдері айтты.

Қала әкімі сенімді энергиямен қамту – мегаполистің тұрақты дамуының, тұрғындардың өмір сапасын арттырудың және жаңа инвестициялық жобаларды іске асырудың негізгі шарты екенін атап өтті.

Жаңғырту бағдарламасы аясында 2026 жылы 379 шақырым электр желісін қайта жаңарту жоспарланып отыр. Оның ішінде 269 шақырымы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның басқаруындағы желілер. Сонымен қатар 14 жаңа жобаны іске қосу және 8 өтпелі жобаны жалғастыру көзделген.

Басымдық жаңа қосалқы станциялар мен тарату пункттерін салуға, сондай-ақ әуе желілерінің бір бөлігін кабельдік форматқа көшіруге беріледі. Бұл шаралар энергия жүйесінің тұрақтылығын арттырып, қаланың қолданыстағы және жаңа аудандарын үздіксіз электрмен қамтуға мүмкіндік береді.

Негізгі жобалар қатарында Жетісу ауданындағы «Кирпичная» қосалқы станциясының құрылысы, Нұр-Алатау шағынауданын электрмен жабдықтауды дамыту, сондай-ақ Бостандық, Наурызбай, Алатау және Медеу аудандарындағы желілерді қайта жаңарту бар. Аталған жобаларды іске асыру апат деңгейін төмендетіп, электрмен қамту сапасын жақсартуға және инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жалпы жаңғырту аясында жаңа қосалқы станциялар салу, трансформаторлық пункттерді қайта жаңарту және электр беру желілерін жаңғырту қарастырылған. Бұдан бөлек, қызмет көрсетудің жеделдігін арттыру және апаттарды жою уақытын қысқарту үшін жаңа аудандық пайдалану бөлімшесін құру жоспарланып отыр.

Кеңес қорытындысы бойынша Дархан Сатыбалды барлық жоспарланған жобаларды уақытылы іске асыруды, орындалатын жұмыстардың сапасына бақылауды күшейтуді және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға жүйелі тәсілді қамтамасыз етуді тапсырды.

Кешенді шараларды жүзеге асыру энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттырып, желілердің тозу деңгейін төмендетуге және Алматының одан әрі тұрақты дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #электр желілері #Дархан Сатыбалды #тапсырма
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 12:33

Атырау облысында бір топ жігіт полицейлерге шабуыл жасады

Бүгін 11:49

Алматылықтардың зәресін алған қыздар елден шығарылды

Бүгін 10:14

Қазгидромет 5 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Бүгін 09:11

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Кеше 18:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика