AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дархан Сатыбалды Алматы инвесторлары және кәсіпкер...

Дархан Сатыбалды Алматы инвесторлары және кәсіпкерлерімен кездесу өткізді

Барлығы 19.02.2026, 17:25 280 Сұлу
Дархан Сатыбалды Алматы инвесторлары және кәсіпкерлерімен кездесу өткізді
Алматы әкімдігі

Дархан Сатыбалды Алматы инвесторлары және кәсіпкерлерімен кездесу өткізді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды инвесторлар және кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, онда инвестициялық жобаларды іске асыру, әкімшілік кедергілерді жою және бизнес құқығын қорғауды күшейту жайын талқыланды. Іс-шараға қала прокуроры Серік Кәріпбеков, мемлекеттік органдардың, салалық бірлестіктер мен іскерлік қауымдастықтың өкілдері қатысты.

Кездесуді аша отырып, қала әкімі инвестициялық әлеуетті дамыту және қолайлы іскерлік орта қалыптастыру мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы инвесторларды сапалы сүйемелдеуді қамтамасыз ету, олардың құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді жою жөнінде нақты міндет қойды. Алматы әкімдігі бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізуде. Әкімдік, бизнес және прокуратура арасында үйлесімді әрі жедел іс-қимыл қажет», – деді Дархан Сатыбалды.

Әкімнің айтуынша, Алматы шетелдік инвестицияны тарту бойынша көшбасшы позициясын сақтап отыр. 2025 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша қалаға тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 6 млрд АҚШ долларына жетіп, бұл республикалық жалпы көрсеткіштің 42%-дан астамын қамтиды. Қалада шетелдік қатысуы бар 30 мыңнан астам заңды тұлға жұмыс істейді.

Дархан Сатыбалды әкімдік әрбір ірі инвестициялық жобаның іске асырылуын жүйелі түрде үйлестіріп, бақылауда ұстайтынын жеткізді. Орындау мерзіміне бақылау күшейтіліп, жеке жауапкершілік артады. Сонымен қатар инвесторларды сүйемелдеудің цифрлық құралдарын енгізу арқылы әкімшілік рәсімдер жеңілдетілуде.

Кездесу барысында инвесторлар мен кәсіпкерлер жобаларды іске асыру мерзімі, рұқсат құжаттарын алу, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және мемлекеттік қолдау шараларын қолдану мәселелері бойынша сұрақ қойды. Барлық өтініш салалық басқармалар мен прокуратураның қатысуымен қаралды.

Қала прокуроры Серік Кәріпбеков инвесторлардың құқығын қорғау прокуратура органдарының басым бағыты болып қала беретінін атап өтті.

«Біздің басты міндетіміз – инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуға жол бермеу және инвесторлардың өтінішіне жедел ден қою», – деді прокурор.

Кездесу барысында рәсімдердің ашықтығын арттыруға, инвесторларды сүйемелдеу тетіктерін жетілдіруге және мемлекеттік қызметтерді одан әрі цифрландыруға ерекше назар аударылды.

Іс-шара соңында ашық сұрақ-жауап сессиясы өтті. Оның аясында кәсіпкерлер қала басшылығымен және мемлекеттік органдар өкілдерімен өзекті мәселелерді тікелей талқылап, инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша ұсыныс білдірді.

Кездесу қорытындысында мемлекет пен бизнес арасындағы тұрақты диалог сенімді нығайтуға, туындаған мәселелерді жедел шешуге және Алматының инвестициялық әлеуетін одан әрі дамытуға ықпал ететіні атап өтілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);