AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дархан Сатыбалды «Алатау» театрының қайта жаңаруы...

Дархан Сатыбалды «Алатау» театрының қайта жаңаруын тексеріп, Alatau Сreative Hub кітапханасына да барды

Барлығы 14.09.2025, 10:18 1,047
Дархан Сатыбалды «Алатау» театрының қайта  жаңаруын тексеріп, Alatau Сreative Hub кітапханасына да барды
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары кезінде мегаполистің мәдени инфрақұрылымын дамытуға байланысты негізгі жобалардың орындалу барысын тексеріп шықты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Қала басшысы халық музыкалық шығармашылығын, қазақ рухани мәдениеті мен фольклорын сақтауға және дамытуға арналған еліміздегі жалғыз мәдени нысан – «Алатау» дәстүрлі өнер театрында болды. Қайта жөндеу аясында мұнда қасбетті жаңарту, тозған орындықтарды ауыстыру, өртке қарсы жабынды төсеу, сондай-ақ әртістердің өтініші бойынша сахнаны жаңғырту жоспарлануда.

Дархан Сатыбалды Alatau Сreative Hub кітапханасына ерекше назар аударды. Мәдени орын тұрғындардың кітап оқитын орталығы және Алатау ауданының мәдени алаңы мен коворкинг орталығының қызметтерін біріктіреді.

Бүгінде Alatau Creative Hub-та 25 тегін шығармашылық үйірме, мультимедиялық арт-студия және IT-зертхана жұмыс істейді. Жыл сайын кітапханаға 430 мыңнан астам адам келеді. Биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап кітапхана тәулік бойы жұмыс кестесіне көшті. Ерекше қажеттіліктері бар келушілер үшін жұмыс орындары аудио сигналға және брайль дисплейіне арналған бағдарламалық-аппараттық құралдармен жабдықталған, радиожиілікті сәйкестендірудің RFID-жүйесі енгізілген.

Жұмыс сапарын қорытындылаған Дархан Сатыбалды Алматының мәдени орындары қала тұрғындарының күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі ретінде дамуға тиіс екенін атап өтті.

«Біздің міндетіміз – тарихи ескерткіштерді сақтап қана қоймай, тұрғындар мен жастар үшін жаңа мәдени мүмкіндіктер ашатын заманауи сәулет ортасын құру», - деп атап өтті әкім.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алатау театры #әкім #тексеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);