AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дархан Сатыбалды Абай атындағы республикалық мекте...

Дархан Сатыбалды Абай атындағы республикалық мектеп-интернатының құрылыс барысын тексерді

Барлығы 16.06.2025, 15:26 1,283
Дархан Сатыбалды Абай атындағы республикалық мектеп-интернатының құрылыс барысын тексерді
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Абай атындағы республикалық мектеп-интернатының құрылыс барысын тексерді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz. 

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бостандық ауданында бой көтеріп жатқан Абай атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттың құрылыс алаңына жұмыс сапарымен барды.

Бұл білім ордасының салынуы білім беру жүйесін дамытуға қосылған қомақты үлес болмақ.

Мердігер компаниялардың мәліметіне сәйкес, құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сай жүріп жатыр, межелі мерзімнен кешікпейді. Негізгі тірек болатын монолитті құрылым жеделдетілген қарқынмен құйылып, 10 мамырға дейін толық аяқталған.

Жоба аясында 900 орынға арналған шығармашылық мектебі мен интернат, аумақты көркейту мен көгалдандыру, амфитеатрды қайта жаңғырту, инженерлік желілерді тарту және автоматты суару жүйесін орнату көзделген.

Құрылыс жұмыстарының соңғы кезеңінде демеушілердің қаржысы есебінен заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтереді. Оған бассейн, күрес және бокс залдары, сондай-ақ дайындық сабақтарына арналған жаттығу залы кіреді.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дархан Сатыбалды #мектеп #тексеру #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);