Дақылдар селекциясын дамытуға бөлінетін қаржы 5 есе артады

Дақылдар селекциясын дамытуға бөлінетін қаржы 5 есе артады Сурет: ашық дереккөз

Сәуір айында Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығы саласын дамытудың 2024 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Сенат депутаттарының сауалына жолдаған жауабында Премьер-Министр Әлихан Смайылов осындай мәлімет келтіреді.



«Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығы саласын дамытудың 2024 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы 3 бөлімнен тұрады: аграрлық ғылымды, селекцияны және бастапқы тұқым шаруашылығын дамыту; техника мен жабдықты жаңарту жөніндегі шаралар; тұқым шаруашылығының тиімді жүйесін құру, сондай-ақ жарғылық капиталды ұлғайту, тұқымдарды сертификаттау жүйесін енгізу арқылы селекциялық мекемелерді материалдық-техникалық жарақтандыруға бюджет қаражатын бөлу жөніндегі іс-шаралар енгізілген.Қазіргі таңда кешенді жоспар мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мақұлдауынан өтуде. Соның қорытындысы бойынша осы жоспарды сәуір айында бекіту жоспарланып отыр», - деп жазады Әлихан Смайылов.



Үкімет басшысының мәліметі бойынша, кешенді жоспар отандық тұқым шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және импортқа тәуелділікті төмендетуге, сондай-ақ салаға инвестициялар мен озық инновациялық шетелдік технологиялар мен селекция мен тұқым шаруашылығының әдістерін тартуға мүмкіндік береді.



«Сонымен қатар, ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясын дамыту мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясына бөлінген қаражат көлемі ұлғайтылды. 2024 – 2026 жылдары 5 есе (1,5 млрд теңгеден 7,5 млрд теңгеге дейін)», - деп жазылған Премьер-Министрдің жауабында.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:20

17:09

16:50

16:38

16:27

16:12

16:01

15:46

15:33

15:20

15:08

15:03

14:53

14:32

14:23

14:09

12:35

12:30

12:16

11:59

11:43

11:36

11:26

11:01