AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Даниил Медведев Алматыдағы ATP 250 турнирінде топ...

Даниил Медведев Алматыдағы ATP 250 турнирінде топ жарды

Спорт 20.10.2025, 09:44 556 Сұлу
Даниил Медведев Алматыдағы ATP 250 турнирінде топ жарды
ҚТФ

Алматыдағы ATP 250 турнирі мәресіне жетті. Жекелей сында әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев топ жарды, - деп хабарлайды аqshamnews.kz тілшісі. 

Даниил Медведев рейтингіде 41-орында тұрған франциялық Корентен Мутемен кездесті. 

Бірінші сет 7:5 есебімен ресейлік теннисшінің пайдасына шешілді. Екіншісінде франциялық спортшы есе қайырды - 6:4. Дегенмен шешуші сетте Медведев жеңісті жұлып алды - 6:3.

ATP жарыстарында 40-рет финалға шыққан Даниил 21-титулын жеңіп алды. Ол бұған дейінгі чемпиондық атағына 2023 жылғы мамырда қол жеткізген еді.

"Кейде ойыныма көңілім толмайды. Бірақ жеңістің орны бөлек. Бұл - матчтің ең маңызды кезеңінде жақсы ойнадым деген сөз. Әсіресе, шешуші гейм ерекше болды. Титулды жеңіп алғаныма қуаныштымын. Осымен 21 қалада 21 трофейге ие болдым", - деді Медведев ойыннан соң.

Жұптық сында франциялықтар Тео Аррибаж бен Альбано Оливетти үздік шықты. Олар финалда германиялық Якоб Шнайттер мен Марк Вальнерден айласын асырды - 6:4, 7:6 (10:8).

Аррибаж жұптық сында АТР додасындағы екінші, Оливетти үшінші титулын жеңіп алды. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #теннис #ATP #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҰБТ-мен қатар баламалы тест енгізіледі

Бүгін 09:30

Тоқаев бірқатар заңға қол қойды

Бүгін 09:11

28 сәуірде ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:42

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Кеше 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Кеше 18:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика