Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Даму бала» бағдарламасы бойынша берілетін ваучерл...

«Даму бала» бағдарламасы бойынша берілетін ваучерлер мерзімсіз болмайды – Ерболат Досаев

Әлеумет 18.12.2024, 14:12 1,155
«Даму бала» бағдарламасы бойынша берілетін ваучерлер мерзімсіз болмайды – Ерболат Досаев
oiyl.kz

Алматыда «Даму бала» бағдарламасы бойынша оқитын балалар үшін Face ID жүйесі биылдың соңына дейін енгізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қала басшысы Алматы қаласының Қоғамдық кеңесімен бірлесіп, секциялар мен үйірмелерді тексеру жүргізілгенін және «Даму бала» бағдарламасы бойынша қызмет көрсетуде адал емес жеткізушілер анықталғанын атап өтті.

«Адал емес жеткізушілер балаларымызды, ата-аналарды алдап отыр, ал кейбір ата-аналар мұндай жағдайларға келісіп жатқанын көріп отырмыз. Қоғамдық кеңеспен бірге үлкен жұмыс атқарылды. Олар көптеген орындарды аралап, шығармашылық үйірмелер болсын, спорттық секциялар болсын, мұндай қызметтердің қандай жағдайларда көрсетілетінін қарап шықты», – деді Ерболат Досаев журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Әкімнің айтуынша, биылдың соңына дейін секциялар мен үйірмелерге қатысуды бақылауды күшейту мақсатында Face ID жүйесіне толықтай көшу аяқталады.

Бағдарламаны қаржыландыруға келетін болсақ, 2025 жылы бюджет биылғы деңгейде сақталады. Қазіргі уақытта қаражат қаланың 8 ауданына бөлінген. Сонымен қатар, қазіргі уақытта балалар контингентінің азаюы байқалуда. Бұл өз кезегінде 2025 жылы кезекте тұрған балалардың бағдарламаға қатысуына мүмкіндік береді.

«Біз жаңа ережелер қабылдадық, оған сәйкес ваучерлер мерзімсіз болмайды. Бір отбасы бірнеше жыл бойы оны пайдалана бермеуі үшін кезек үнемі жаңартылып отырады», – деп қосты әкім.

Сондай-ақ, Ерболат Досаев адал жеткізушілерден жақсы пікірлер түсіп жатқанын айтты.

«Адал емес жеткізушілермен келісімшарттарды тоқтатып жатырмыз. Олар мемлекеттік сатып алу қатысушысы болуы керек болғандықтан, оларды адал емес жеткізушілер тізіміне енгізу қиын. Қазір осы мәселені шешіп жатырмыз, болашақта мұндай жеткізушілерді бағдарламаға қатыстырмауға мүмкіндік болады», – деді Ерболат Досаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Даму бала #Ерболат Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 12:33

Атырау облысында бір топ жігіт полицейлерге шабуыл жасады

Бүгін 11:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика