конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Даму бала» бағдарламасы бақылауда болады

«Даму бала» бағдарламасы бақылауда болады

Әлеумет 06.09.2024, 12:24 2,997 Bakyt
«Даму бала» бағдарламасы  бақылауда болады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда FaceID жүйесі арқылы «Даму бала» бағдарламасы бойынша секциялар мен үйірмелерге қатысуды бақылау күшейтіледі

Қала әкімі Ерболат Досаев жеткізушілердің жауапкершілігін арттыру жөнінде кеңес өткізді. Биыл шығармашылық және спорттық мемлекеттік тапсырысты іске асыруға шамамен 16,5 млрд теңге бөлінді. Үйірмелер мен секцияларға 72 633 бала қатысып, қызметті 1038 жеткізуші көрсетеді.

  • Қызмет көрсету сапасын тексеру мақсатында арнайы мониторинг тобы құрылып, құрамына Қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, аудан әкімдіктерінің өкілдері және белсенді азаматтар кірді. Мониторинг барысында қала аудандарында жұмыс істейтін 52 жеткізуші тексерілді.

Соның нәтижесінде мекенжайлардың нақты болмауы, балалар санының сәйкес келмеуі, қосымша төлемдер алу, антисанитария және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау сияқты бұзушылықтар анықталды.

Міндетіне салғырт қараған жеткізушілердің ісі құқық қорғау органдарына және прокуратураға жіберілді.

Мониторинг нәтижесінде қайталанатын бұзушылықтарды болдырмау үшін бірқатар шешім қабылданды. Қатысуды бақылауды күшейту үшін FaceID жүйесі енгізіледі. Бұл жүйе баланың әрбір сабаққа қатысуын тіркеп, тек нақты көрсетілген қызметке ғана төлем жүргізуге мүмкіндік береді. DamuBala қосымшасында күн, уақыт және геолокация тіркеледі. Жүйені енгізу және оның жұмыс істеу шығыны жылдың соңына дейін қалалық бюджет есебінен өтеледі. Жеткізушілер аудан әкімдіктерімен қосымша келісімдерге қол қояды.

Сонымен қатар, бағдарламаны одан әрі жетілдіру және көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру үшін жаттықтырушылар мен нұсқаушылардың біліктілігіне, ғимараттардың өлшемдері мен жабдықталуына, қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптар әзірленіп, жеткізушілермен жасалатын келісімдерге енгізіледі. Сондай-ақ, қаланың 8 ауданында білім беру қажеттілігіне талдау жүргізіліп, сол негізде қызмет түрлеріне сұраныс қалыптастырылады.

Бұрын көрсетілген қызметтерге төлем жасау мәселесі көтерілген болатын. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, орындалған жұмыстар актісі тексерілгеннен кейін барлық жауапты жеткізушіге жақын арада тиісті төлем жүргізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Даму бала #Ерболат Досаев.
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери институт 2026 жылға оқуға қабылдап жатыр

Бүгін 12:01

ҰБТ-дан 50 балл жинаған талапкерлер әскери институтқа түсе алады

Бүгін 11:55

Ақтөбе облысында ер адам танысын өлтіріп, басын тоңазытқышта сақтаған

Бүгін 11:32

Жәнібек Әлімханұлы WBO белбеуінен бас тартты: жаңа әлем чемпионы анықталды

Бүгін 11:19

22 шілдедегі доллар бағамы белгілі болды

Бүгін 10:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);