конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Cуперматч: Англия vs Франция

Cуперматч: Англия vs Франция

Спорт 10.12.2022, 11:26 1,335 Almaty-akshamy
Cуперматч: Англия vs Франция
Сурет: Ашық дереккөз

Кездесу елорда уақытымен 1.00-де басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі


Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында бүгін, 10 желтоқсанда, жартылай финалға берілетін төртінші жолдаманы Англия мен Франция сарапқа салады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Кездесу елорда уақытымен 1.00-де басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.


Ойын Эль-Хаур қаласындағы 68 мың жанкүйерге арналған «Эль-Байт» стадионында өткізіледі.


Бас төреші - бразилиялық Вилтон Сампайо. Оған отандастары Бруно Бошилия мен Бруно Пирес көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші - Біріккен Араб Әмірлігінен Мохаммед Абдулла Хасан.


FIFA рейтингінде Англия 5-ші, Франция 4-ші орында тұр.


Екі құрама бұған дейін 31 мәрте кездесті. Оның 17-де ағылшындар, 9-да француздар басым түссе, қалған ойындар тең нәтижемен аяқталды.


Топтық кезеңде В тобында сынға түскен Англия құрамасы Иранды 6:2, Уэльсті 3:0 есебімен жеңіп, АҚШ-пен 0:0 есебімен тең ойнады. 1/8 финалда Сенегалды 3:0 есебімен орта жолда қалдырды.


Ал D тобында Франция Австралияны 4:1, Данияны 2:1 есебімен жеңіп, Туниске 0:1 есебімен жол берді. Ал 1/8 финалда Польшаны 3:1 есебімен қапы қалдырды.


Әлем чемпионатына Англия он алтыншы мәрте қатысып отыр. Бұған дейін 1966 жылы чемпион атағын жеңіп алды.


Франция құрамасы он бесінші мәрте қатысып отыр. 1998, 2018 жылдарда чемпион атанды.


Айта кетсек, елорда уақытымен 21.00-де Марокко мен Португалия кездесуі «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.


Еске салсақ, Хорватия Бразилияны жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.


Сондай-ақ, Нидерланд құрамасын жеңген Аргентина жартылай финалға шықты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#футбол #Суперматч
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында 2 230 медаль жеңіп алды

Бүгін 09:34

15 шілдеде ауа райы тұрақсыз болады

Бүгін 09:05

АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ ЕНГІЗІЛЕДІ

Кеше 19:55

Әлеуметтік мемлекет: Қазақстан азаматтарына көрсетілетін қолдаудың ауқымы қандай?

Кеше 19:45

Алматыда «ALMATY CIRCUS FESTIVAL» халықаралық фестивалі аясында әлемдік цирк өнерінің жұлдыздары өнер көрсетеді

Кеше 18:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);