AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / COVID-19-ға қарсы неге екі екпе алу қажет? 

COVID-19-ға қарсы неге екі екпе алу қажет? 

Медицина 05.08.2021, 08:55 1,963
COVID-19-ға қарсы неге  екі екпе  алу қажет? 
almaty-akshamy.kz

Вакциналанудың баяу қарқыны коронавирус жұқтырғандар санының одан да артуына әкелуі мүмкін. Вакциналау вирус мутациясының алдын алады. Бұл туралы Алматы қаласы №8 емхананың бас дәрігері Фарида Ағыбаева мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 
 


Емхананың бас дәрігері екпе алғаннан кейін COVID-19 иммунитеті қалай дамитынын және екі компонентті алудың маңыздылығын айтты. 
 
Оның айтуынша, вакцинаны алғаннан кейін адам ағзасы вакцинамен танысады және иммундық жасушалардың екі түрінің жұмысын бастайды: В және Т-жасушалары. 



 
 «В-жасушалары антиденелерді белсенді түрде қалыптастырады, бірақ вакцинаның екінші дозасынсыз бұл иммуноглобулиндердің мөлшері бірнеше аптадан кейін күрт төмендейді. Т-лимфоциттер - иммундық жүйенің негізгі қаруы. Дәл осы Т-жасушалар қауіпті тауып, қоздырғышты жояды. Т-жасушаларының негізгі мәселесі – вакцинацияның бірінші кезеңінен кейін иммундық жүйе Т-лимфоциттердің өте аз мөлшерін жасайды, ал ағза вирусты қабылдауға дайын емес күйінде қалады», - деп түсіндірді Ф. Ағыбаева. 



 
Сондықтан иммундық реакцияның қалған бөлігін іске қосу үшін вакцинаның екінші дозасын алу қажет. 



 
«Қазіргі кезде COVID-19 вакциналарына жүргізілген үлкен медициналық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, екінші доза қорғаныс дәрежесін бірнеше есе арттырады. Израиль ғалымдары коронавирустық вакцинаның екі дозасын да қабылдаған пациенттерде қарағанда 6-12 есе жоғары деген қорытындыға келді. Осылайша, біз вакцинаның екінші кезеңі сенімді қорғаныс үшін аса маңызды екенін көреміз», - деді  емхананың бас дәрігері. 




 
Коронавирусқа қарсы вакцинаны 21 күн аралықпен екі кезеңде алу керек. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты тұрақты қорғаныс әсерін қамтамасыз етпейді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және бекітеді, адам ағзасындағы антиденелердің мөлшері артады. 
  
Алматының №8 емханасында үш екпе бөлмесі бар әрі үш мобильді топ жұмыс істейді. Екпе салуды вакциналауға рұқсаты бар 36 медициналық қызметкерден тұратын алты бригада жүргізеді. 




  
«Емханада егулер egov.kz порталы мен тіркелу арқылы алдын ала жазылып, сондай-ақ кезек бойынша, үзіліссіз және демалыс күндері сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі», - деді Ф. Ағыбаева. 




 
Емхананың егу пункттерінің жалпы өткізу қабілеттілігі - тәулігіне 300-400 адам. Бүгінде мұнда 26 235 адам екпе алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#вакцина #Вирус #маман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);