Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Былтыр «KAZAKH INVEST» 5 мың жұмыс орнын құрып, 57...

Былтыр «KAZAKH INVEST» 5 мың жұмыс орнын құрып, 57 жобаны іске асырды

Экономика 15.04.2022, 16:52 1,369
Былтыр «KAZAKH INVEST» 5 мың жұмыс орнын құрып, 57 жобаны іске асырды
primeminister.kz

Үкіметте «KAZAKH INVEST» компаниясының бір жылғы жұмысы қаралды.




2021 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар көлемі пандемияға дейінгі деңгейге жетті. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің отырысында айтылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Отырыста компанияның 2021 жылғы қызметінің қорытындылары қаралды, 2021 жылға арналған қаржылық есеп алдын ала мақұлданды. Сондай-ақ Есеп саясаты және Қаржы ресурстарын басқару саясаты секілді жаңа редакциядағы бірқатар ішкі құжаттар бекітілді. Ішкі аудит қызметінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің 2022 жылғы І тоқсандағы есептері қаралды.



Басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың айтуынша, «KAZAKH INVEST» компаниясының қолдауымен 2021 жылы 5 мың жұмыс орнын құра отырып, 3,8 млрд доллардан астам сомаға 57 жоба іске асырылды. Өндірістік алаңдарды аралаумен шетелдік инвесторлардың Қазақстан өңірлеріне 190-нан астам сапары ұйымдастырылды. Олардың аясында мемлекеттік органдармен және жергілікті бизнес өкілдерімен келіссөздер жүргізілді.



2021 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны пандемияға дейінгі деңгейге жетіп, 23,7 млрд долларды құрады.



Ел басшылығының тапсырмасы бойынша ҚР аумағында халықаралық компаниялардың өндірісін жергіліктендіру мақсатында кең ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Әлемнің 30-ға жуық елінен шикізаттық емес салалардың 200-ден астам компаниясына инвестициялық ұсыныс-пакеттер жолданды. Мүдделі компаниялармен белсенді түрде келіссөздер жүргізіліп жатыр.




Сондай-ақ ҚР Премьер-Министріне «KAZAKH INVEST» компаниясының шетелдегі өкілдерінің қызметінің нәтижелері туралы баяндалды. Шетелдегі өкілдер жұмысының тиімділік көрсеткіштері жыл сайын Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді төрағалық ететін кеңесте қаралады. Бұл бағыттағы жұмыс шетелдік өкілдер бар өңірлерде пандемиялық шектеулердің біртіндеп алынуының нәтижесінде жанданып жатқаны атап өтілді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық ғалымдар: ғылымға бөлген ақша – елдің болашағына салған инвестиция

Бүгін 14:01

Алматының Бас жоспары аумақтарды кешенді түрде жаңғыртуды көздейді – қала әкімінің орынбасары

Бүгін 12:39

Қазақстан су тапшылығын ЖИ-мен еңсермек: Алматыда DeepBAS жобасы таныстырылды

Бүгін 12:36

Алматы хайуанаттар бағында үш кенгуру төлі дүниеге келді

Бүгін 12:29

Ақ халатты абзал жандарға алғыс: №7 қалалық аурухана дәрігерлері науқас өміріне араша түсті

Бүгін 12:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика