БҰҰ-ның сарапшылары Қазақстан бітімгерлік контигенттің дайындығына баға берді

БҰҰ-ның сарапшылары Қазақстан бітімгерлік контигенттің дайындығына баға берді Сурет: Gov.kz

Қабілетін бағалады.


Қазақстанға БҰҰ-ның Бейбітшілікті қолдау операциялары департаментінің сарапшылары консультативтік сапармен келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Бітімгершілік дайындық орталығына  барудағы басты мақсаты – оның қызметімен танысу және қазақстандық бітімгершілік контингенттің дайындық әлеуетінің жүйесі шеңберінде БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларына қатысуға дайындығын айқындау», - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Сарапшылар бітімгерлердің оқу процесінің негізгі бағыттарын, соның ішінде ағылшын тілін оқыту мен халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын зерделеді.


Алматы облысының Тілендиев ауылындағы Бітімгерлерді дайындау оқу-жаттығу орталығында практикалық іс-қимылдар көрсетілді.


Бірікккен бөлімшенің бақылау-өткізу және қадағалау пункттерінде қызмет атқару, гуманитарлық жүкті алып жүру, маңызды объектілерді күзету, жергілікті халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу және сол аймақты патрульдеу тапсырмаларын пысықтады.


Сарапшылар ұшқышсыз басқарылатын аппараттар бөлімшелерінің іс-қимылын, олардың техникалық мүмкіндіктерін, оларды бақылау және ақпарат жинау қабілетін бағалады.


Инженерлік-саперлік бөлімшелердің мамандары қолдан жасалған жарылғыш заттарды табу және оларды жою іс-қимылдарын орындады.


Қорғаныс министрлігінің әскери медицина орталығында болған БҰҰ-ның өкілдері ҚР ҚК әскери қызметшілерінің әскери-медициналық дайындық деңгейін көрді.


Сапардың қорытындылары бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік әлеуетінің әзірлік жүйесінің ілгерілеу мүмкіндігіне, қару-жарақпен, әскери және арнайы техникамен, медициналық, тылдық және басқа да мүлікпен жарақтандырылуына, сондай-ақ Қазақстанның бітімгершілік контингентінің дайындық деңгейіне алдын ала баға берілетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21