Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бұрынғы президент үйқамаққа алынды

Бұрынғы президент үйқамаққа алынды

Әлеумет 19.12.2024, 13:31 1,296
Бұрынғы президент үйқамаққа алынды
infozakon.kz

Францияның Кассациялық соты Николя Саркозиге 2021 жылдың наурызында жемқорлық пен судьяны сатып алуға әрекет жасады деген айып бойынша шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды. Экс-президент бір жыл үйқамақта электрондық білезікпен өткізуге міндеттелді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бастапқыда Саркози үш жылға бас бостандығынан айырылған болатын, бірақ оның екі жылы шартты түрде өтелетін болып шешілген.

Николя Саркози бұл үкімге Париждің апелляциялық сотында шағым түсіргенімен, 2023 жылдың мамыр айында оның өтініші қанағаттандырылмады. Апелляциялық сот үкімді күшінде қалдырып, бір жыл нақты жазаны үйде өтеу мүмкіндігін берді, бірақ ол үшін экс-президент электрондық білезік тағуға келіскен.

Сәрсенбі күні Кассациялық сотта жеңіліс тапқан Саркози Франция аумағында барлық заңдық мүмкіндіктерін сарқыды. Енді үкім ресми түрде күшіне енеді.

Судья Николя Саркозиге электрондық білезік тағуды міндеттеп, оны бір жыл бойы алып тастауға тыйым салды.

Бұл шешімнің нәтижесінде Саркози Франция тарихында түрмеге үкім етілген алғашқы экс-президент атанды.

Экс-президенттің адвокаты Патрис Спинози Саркозидің сот шешіміне бағынатынын, бірақ Еуропалық адам құқықтары сотына (ЕАҚС) шағымданатынын мәлімдеді. Саркозидің өзі бұл жағдайды «терең әділетсіздік» деп бағалады.

Дегенмен, іс ЕАҚС-қа бірнеше апта ішінде жолдануы мүмкін, бірақ бұл Николя Саркозиге еш нәтиже бермейді. Ол Страсбургтегі соттың шыққанға дейін жазасын өтеуді жалғастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Саркози #сот #Үйқамақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мәңгілікке айналған мұра

Бүгін 12:04

Ғылымға салынған инвестиция

Бүгін 11:58

Бибігүл Жексенбай жеткізу және такси саласында жұмыс істейтін азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуді ұсынды

Бүгін 11:51

Алматыда жылу желілеріне сынақ жүргізіледі: тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады

Бүгін 11:37

Алматылық спортшы жасөспірімдер арасындағы таэквондодан әлем чемпионатында қола жүлде иеленді

Бүгін 11:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика