Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Бұрқасын, көктайғақ пен жел: бүгін ауа райы қандай...

Бұрқасын, көктайғақ пен жел: бүгін ауа райы қандай болады?

Мұны білген жөн 12.11.2025, 08:31 415
Бұрқасын, көктайғақ пен жел: бүгін ауа райы қандай болады?
Сурет: Astanatv.kz

Қазгидромет 16 өңір тұрғындарына ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Астанада көктайғақ болады. Түнде және таңертең оңтүстік-батыстан соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа және батысқа ауысады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Абай облысында түнде және күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Түнде және таңертең оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыс бағыттағы желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді. Көктайғақ пен төменгі бұрқасын күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен батысында түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ пен бұрқасын болжанып отыр. Батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні солтүстігі мен оңтүстігінде кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және шығысында жаңбыр мен қар, көктайғақ және бұрқасын болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 25 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Таулы өңірлерде желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Жетісу облысында шығыс бағыттағы желдің күші 17-22 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.

Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде түнде жаңбыр мен қар, көктайғақ және бұрқасын болжанып отыр. Күндіз де осындай ауа райы сақталады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Қостанай облысының түнде және күндізгі бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ пен бұрқасын болады. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және күндіз жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігі мен орталығында түнде және күндіз жауын-шашын, көктайғақ пен бұрқасын болжанған. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #Ауа райы*ескерту*болжам * #синоптиктер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мүгедектігі бар 90 мыңнан астам қазақстандық республикалық референдумда қолайлы жағдайда дауыс бере алады

Кеше 19:31

Референдум-2026: зағип жандар дауыс беру учаскелерінде жаңа Конституцияның аудио нұсқасына қол жеткізе алады

Кеше 19:30

Республикалық референдумға дайындық: мүгедектігі бар адамдар үшін учаскелердің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі

Кеше 19:29

Қазақстандағы референдумды 38 елден және 11 халықаралық ұйымнан келген 359 байқаушы байқайтын болад

Кеше 19:28

 400-ге жуық адам Sirius Energy қаржы пирамидасының құрбаны болды

Кеше 17:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика