Бүгіннен бастап автокөлік иелеріне қызмет көрсететін ХҚКО-лар жұмыстарын қайта бастады

Бүгіннен бастап автокөлік иелеріне қызмет көрсететін ХҚКО-лар жұмыстарын қайта бастады Сурет: Elorda.info

Әзірге Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарының автоХҚКО-лары ғана ашылмайды


Бүгіннен бастап елімізде, үш өңірді қоспағанда, автокөлік иелеріне мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысын қайта жандандырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (дүйсенбі-жұма аралығында).


Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарының автоХҚКО-лары ғана жұмыстарын әзірге бастамайды. Аталған өңірлерде автоқызметтердің қайта көрсетіле бастағаны туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.



«Автоқызметтер – сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі. Қазір мамандандырылған ХҚКО-лар қайта іске қосылады, біз клиенттердің онда көптеп келетінін болжап отырмыз. Сондықтан бұл жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Сондай-ақ автокөлікті Kaspi және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы қайта ресімдеуге болатынын еске саламын. АвтоХҚКО-ларда кезек тудырмау үшін осы сервистерді пайдалануға кеңес беремін», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Әділ Қожықов.



Мамандандырылған ХҚКО ғимаратына кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты клиенттер санитарлық қауіпсіздік ережелерін - әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағуы керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21