Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Бүгінгі мейірбикелер дәрігерлердің тең серіктесі

Бүгінгі мейірбикелер дәрігерлердің тең серіктесі

Медицина 12.05.2022, 05:55 1,878
Бүгінгі мейірбикелер дәрігерлердің тең серіктесі
Сурет: Khv27.ru

12 – мамыр Халықаралық мейірбикелер күні.


Қазіргі таңда еліміздің денсаулық сақтау саласында 187 мыңнан астам орта буынды медицина қызметкерлері  қызмет атқарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл күннің мейірбикелік қызметтің  алғашқы ұйымдастырушыларының бірі болған   ағылшындық мейірбике Флоренс Найтингелдің  есімімен  тікелей байланысты екенін, оның бүгінде кәсіптік мерекелердің қатарындағы ең беделді мереке екенін де жақсы білеміз. Бүгінгі таңда Қазақстанда 187 мыңнан астам орта буынды медицина қызметкерлері  қызмет атқарады. Соның қатарында Алматы қаласының Алатау ауданы, «Зерделі» ықшамауданында орналасқан № 29  қалалық емхананың  халық денсаулығын жақсарту ісінде жан аянбай  қызмет атқарып жүрген   165  мейірбикесі де бар. Олар да  өздерінің кәсіптік мерекелерін  салтанатты түрде атап өтіп, аудан тұрғындарының алғысына бөленді.


 Екі жыл қатарынан кәсіби біліктілік байқауында  бірінші және екінші орынды иемденген №29 қалалық емхана 53 мыңға жуық қала тұрғындарына медициналық қызмет көрсетеді.  Осынша тұрғынның денсаулығын бақылап, олардың сырқатынан айығып кетуіне  мейірбикелердің қосып отырған үлесі зор.   Емханадағы 10 «Денсаулық мектебін» мейірбикелердің жүргізетіндігі де мейірбикелердің өз жұмыстарын дербес ұйымдастыра алатындықтарының жарқын мысалы  болса керек. Пандемия кезінде  барлық төтенше жағдайға төтеп бере алатындықтарын істерімен дәлелдей білген емхана   дәрігерлерімен қатар, мейірбикелерге де үлкен жауапкершілік жүктелгені белгілі.  Сол еңбектерінің нәтижесінде емхананың 15 қызметкерінің есімдері қаладағы көрнекті орындарда орналасқан  Алғыс тақтасына жазылып ілінді. Ал емханаға келген әрбір науқас  Бақыт Өтепова,   Нұргүл Тикембаева, Тоты Сағындықова,  Мөлдір Калиякова, Әсел Өтеғұлова, Розгүл  Сакиева     секілді   қолдары шипалы, емдері дауа мейірбикелер мен орта буынды медицина қызметкерлерінің қызметіне дән риза.



«Қазір денсаулық сақтау саласында мейірбикелерге  үлкен жауапкершілік жүктеліп, орта буынды медицина қызметкерлерін дайындаудың жаңа модельдері енгізілуде. Бұрын біз мейірбикелерге дәрігерлердің тағайындауларын орындаушы ретінде  ғана қарап келсек, бүгінде олар дәрігерлердің  тең  серіктестеріне айналып, дәрігерлерден дербес қабылдауды, динамикалық бақылауды, ақыл кеңес беретін, ауруларды басқару бағдарлмасы шеңберінде оқыту және патронажды қызметті жүзеге асыратын, скринингтік тексерулерді, вакцинациялау  және  басқа да  бірқатар диагностикалық  ем-шараларды жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болып отыр. Кіші мейірбикеден бастап, мейірбике ісі бойынша  РҺД докторына дейін  Мейірбике  ісі мамандығын даярлаудың көпдеңгейлі жүйесі енгізілді. Жұмыс істейтін мейірбикелер үшін жеделтетілген және икемді даярлау бағдарлмалары бойынша жоғары және орта білімнен кейінгі медбикелік білім алуға мүмкіндік беретін  академиялық және  қолданбалы бакалавриаттың біріктірілген бағдарламасының, «Медбике ісінде білім, тәжірибе және  ғылымның үштұғырлығы» Жол картасының қабылдануы,  оларды денсаулық сақтау саясатын   айқындау мәселелеріне тарту, мейірбикелер арасында көшбасшылық әлеуетті дамыту да мейірбике ісінің мәртебесін арттыра түсуде. Сондықтан мен Халықаралық мейірбикелер күнінде  емхананың барлық мейірбикелері мен қаламыздың денсаулық сақтау саласында қызмет атқарып жүрген  барлық орта буынды медицина қызметкерлерін де мерекелерімен құттықтаймын.  Біз үшін ең үлкен марапат– емделушілердің алғысы. Сол көптің алғысына бөлене беріңіздер»,- дейді Алматы қалалық №29 емхананың бас мейірбикесі,   жоғары санатты мейірбике Эльмира Айтқадырқызы Әбиева.



Мерекелеріңіз құтты болсын, мейірімді мейіргерлер!  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медбике #Қазақстан #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстанның қаржы секторы алдағы референдумды қолдады

Бүгін 18:25

Тұңғышбай Жаманқұлов жастарды кітап оқуға, уақытты қадірлеуге шақырды

Бүгін 18:16

Алматы 2-ЖЭО-ын жаңғырту атмосфераға тарайтын зиянды шығарындыларды айтарлықтай азайтуға бағытталған

Бүгін 17:49

Арнайы операция: есірткі саудасына қатысы бар күдікті ұсталды

Бүгін 17:14

Футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика