AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бүгінгі ауа райы мәліметі

Бүгінгі ауа райы мәліметі

Әлеумет Бүгін 08:43 41 yakiya
Бүгінгі ауа райы мәліметі

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 18 мамырда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Түркістан облысының тауларында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 18 мамырда жоғары өрт қаупі күтіледі. Түркістанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 18 мамырда жоғары өрт қаупі күтіледі.

Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың батысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, орталығында тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда жаңбыр, найзағай, түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Тұман.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбеде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Павлодарда жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырауда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ақмола облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең жне күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Жезқазғанда шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Оралда жел шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында, батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с, облыстың орталығында күші 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Nuctech жобасы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға серпін береді

Бүгін 09:26

Алматыда әлеуметтік нан бағасы тұрақтандырылды

Бүгін 09:16

Киік төлдеріне GPS-датчик орнатылып жатыр

Бүгін 09:07

Алматыда сирек кездесетін ауруларға арналған қайырымдылық жүгіру өтті

Кеше 21:36

Президент телерадиокешенінің 30 жылдығына арналған кинолекторий басталады

Кеше 16:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);