AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бүгін Ұлытау төрінде Ұлттық құрылтайдың алғашқы от...

Бүгін Ұлытау төрінде Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді

Әлеумет 16.06.2022, 03:30 1,003 Almaty-akshamy
Бүгін Ұлытау төрінде Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді
Cурет: Inform.kz

Қатысушылар ауыстырылып отыруы мүмкін


Бүгін Ұлытау облысы Ұлытау ауданында Президент жанынан құрылған Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Араға ширек ғасыр салып облыс мәртебесін қайта алған Ұлытау өңірінде ҚР Президенті жанынан құрылған Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді. Кеше Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылды . Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің орнына құрамы жағынан одан да ауқымды Ұлттық құрылтай институты құрылатыны ең алғаш ресми түрде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 16 наурыздағы халыққа Жолдауында айтылған болатын . Кейін Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында бұл институт жалпыұлттық диалогтің әмбебап моделіне айналатынын айтып, құрамына кімдер кіретінін атаған еді. Ұлттық құрылтайдың қайтадан құрылымдалған Ұлытау өңірінде өтетіні 6 маусымда белгілі болған. Ұлттық құрылтайдың қазіргі құрамында Мәжіліс депутаттары мен ҚХА мүшелерінен, азаматтық қоғам мен саяси партия өкілдерінен, сарапшылар мен өңірлердегі қоғамдық кеңес мүшелерінен, кәсіпкерлерден жасақталған 117 адам бар. Солардың бір парасын атасақ, ақын Мұхтар Шаханов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, академик Асқар Жұмаділдаев, экономист Жақсыбек Күлекеев, саясаткер Әлихан Бәйменов, журналист, медиа-менеджер, қоғам қайраткері Ермұрат Бәпи, Парламенттің бірнеше шақырылымының депутаты Нұртай Сабильянов, балуан Дәулет Тұрлыханов, ғалым-биотехнолог Күнсұлу Закария, дінтанушы Қайрат Жолдыбай, ғалым Анар Фазылжанова сияқты есімдер бар. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің жазбасына сүйенсек, құрылтай жұмысына қатысушылар ауыстырылып отыруы мүмкін . Оның айтуынша, Ұлттық құрылтайдың жұмысы оның құрамына кірген 117 адамның ұсыныс-пікірімен шектеліп қламайды. Ол үшін арнаулы онлайн-платформа әзірленген көрінеді. Яғни, азаматтар осы платформа арқылы Ұлттық құрылтай хатшылығына ұсыныс жіберуге мүмкіндік алмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлытау #құрылтай #отырыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика