AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Бүгін Қазақ елінің қасиетті әрі қастерлі мерекесі...

Бүгін Қазақ елінің қасиетті әрі қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік-30 16.12.2021, 04:03 1,622
Бүгін Қазақ елінің қасиетті әрі қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні
Сурет: Qazathletics.kz

Қазақ елінің Тәуелсіздігіне 30 жыл толды


Осыдан 30 жыл бұрын 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңды қабылдаған еді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Тәуелсіздіктің 30 жылдығында Қазақстан елеулі жетістіктерге жетті және күрделі сын-қатерлерден өтті. Төл валютасын қолданысқа енгізді. Айбынды әскерін құрды. Шекараларын бекітіп, жаңа астанасын салды. Мемлекеттік рәміздерін бекітті. Орнықты мемлекеттік институттары бар және экономикасы бәсекеге қабілетті демократиялық мемлекет ретінде қалыптасты. Әлемдік сауда-экономикалық жүйеге толық еніп, өзін сенімді серіктес ретінде көрсете білді.


Бүгінде әлем бойынша 120-дан астам ел Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан. Биылғы мерейтойлық жылда да елімізде ауқымды реформалар басталды, экономика мен әлеуметтік сала жаңғырып келеді. Пандемияға қарамастан, мемлекет отандық бизнеске қолдау көрсетіп жатыр. Халқымыздың саны 19 миллионнан асты. Қазақстан КСРО тарағаннан кейін араға 8 күн салып, тәуелсіздігін жариялады. Қазақстанның дербес ел болғанын әлемге алғашқылардың бірі болып «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі (ҚазТАГ) хабарлаған еді.



«Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шындап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең-байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те, ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 17 желтоқсанда Алматыдағы Орталық алаңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жариялануына орай өткізілген жиында.



Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш Америка Құрама Штаттары мойындады. Одан кейін Қытай, Ұлыбритания, Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде таныды. Ал Түркия бірінші болып Қазақстанда өз елшілігін ашты. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тәуелсіздік тағылымдары» атты мақаласында ғасырлар тоғысында ел басқару ісі үлкен сеніммен қатар зор жауапкершілік жүктегенін айтады.



«Осыдан отыз жыл бұрын біз саналы түрде, өз дүниетанымымыз бен болмысымыздың негізі ретінде бостандық пен азаттыққа таңдау жасадық. Бүгінге дейінгі бұл мерзім адамзат тарихы үшін қас-қағым ғана сәт болғанымен, орда бұзар жасқа енді толған тәуелсіз Қазақстан үшін ол – үлкен белес, асқаралы асу. Мұндайға тек рухы күшті, бірлігі бекем жұрт қана қол жеткізе алады», - деп жазды Н. Назарбаев.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынында Тәуелсіздіктің отыз жылын халқымыздың тарихында бетбұрыс болған жасампаздық дәуірі деп атады.



«Тарихи уақыт өлшемімен қарағанда отыз жыл деген – қас-қағым сәт. Ал, өткен оқиғалар тұрғысынан бағаласақ, ғасырларға татитын мерзім. Қазақстан халқы үшін бұл – азаттық жылнамасының тұтас дәуірі. Жарқын болашағымызға жол салған ұлы жетістіктер кезеңі. Енді Тәуелсіздіктің төртінші онжылдығына қадам басқалы тұрмыз. Бұл кезең бізге жаңа міндеттер жүктейді. Мемлекеттігімізді одан әрі нығайтып, халқымыздың әл-ауқатын арттыра түсуіміз керек. Сондықтан, барлық саладағы реформаны міндетті түрде жалғастыра береміз. Ең бастысы, бейбіт өмірді, тыныштық пен тұрақтылықты сақтай білуіміз қажет. Сонда азаматтарымыз Тәуелсіздіктің игілігін әрдайым сезінетін болады. Біздің мақсатымыз – осы», - деді Президент.



Қазақстандағы Тәуелсіздік күнінде тұтас ел бойынша салтанатты іс-шаралар өтеді, әлеуметтік нысандар іске қосылады. 2021 жылдың басынан бергі көптеген іс-шаралар Тәуелсіздік күніне арналды. Сонымен бірге, Президент Ақордада еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады және Қазақстанды көркейтуге үлес қосқан барлық азаматқа ризашылық білдірді. Ал 15 желтоқсанда Нұр-Сұлтанның үш нүктесінде демеушілік қаражат есебінен мерекелік отшашу ұйымдастырылды.



«Даму жолымызды нақты нұсқап тұрған стратегиялық мақсаттарымыз бар. Еліміз өзінің сара жолынан айнымай, алға қадам баса береді. Біз үшін Тәуелсіздік бәрінен қымбат. Осы баға жетпес құндылығымызды қастерлеп, қуатты Қазақстанды дамыту үшін бәріміз жұмылып, бір ел болып аянбай еңбек етейік. Жалпыұлттық мерейтойымыз құтты болсын! Еліміздің абыройы асқақтап, беделі биіктей берсін! Елбасымыз аман болсын! Қазақстанымыз мәңгі болсын!» - деп құттықтады Қасым-Жомарт Тоқаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ елі #қасиетті #қастерлі #Тәуелсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);