Бүгін – қасиетті Рамазан айының бірінші күні

Бүгін – қасиетті Рамазан айының бірінші күні сурет: ашық дереккөзден алынды

Ораза 23 наурыздан 20 сәуірге дейін жалғасады.


Бүгін ислам әлемі үшін қасиетті саналатын Рамазан айы басталды. Ораза 23 наурыздан 20 сәуірге дейін жалғасады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Сәуір айының 17-нен 18-іне қараған түн – қасиетті Қадір түні, 21 сәуір – Ораза айт мерекесі.


Айлардың сұлтанында ауыз бекіткен мұсылман баласы ішіп-жеуден ғана тыйылмай, жаны мен тәнін күнәдан тазартып, ізгі істер жасауға асық болады. Бұл – Құран аяттары түсе бастаған ай. Сондықтан садақа беріп, қайырымдылық көрсеткен абзал.


Ораза тұту – денсаулығы жараған әр мұсылманға парыз. Себебі бұл айда адамдарға көп жақсылық пен мүмкіндік беріледі. Ораза ұстаған адамның күнәлары кешіріледі. Сансыз сауап беріледі.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21