Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Бүгін Өзбекстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлап...

Бүгін Өзбекстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлап жатыр

Әлем 01.09.2021, 07:55 1,437
Бүгін Өзбекстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлап жатыр
Сурет: Uz.sputniknews.ru

Бауырлас Өзбекстанда басты мереке – Тәуелсіздік күні аталып өтілуде


Биыл республика егемендігін алғанының 30 жылдық мерейтойын тойлап жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.


Аталған мерекелік іс-шаралар бүкіл республика бойынша өтуде. Олардың ең ауқымдылары Ташкентте. Мерекеге орайластырылған іс-шаралар «Жаңа Өзбекстан» жаңа саябағында өтті. Ол республика мерейтойына арнайы жасалған. Саябақ ағаштың бес бұтағы іспетті, ол Өзбекстанның даму стратегияларының бағыттарын білдіреді. Саябақтың жанында Өзбекстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап «Истиклол» (Тәуелсіздік) кешені тұрғызылған.


Ол – өзбек халқының 3 000 жылдық тарихи бейнесі, ұлттық сана мен Өзбекстанның жаңа келбетінің көрінісі. Ел Президенті Шавкат Мирзиёев барлық өзбекстандықтарды мерекемен құттықтады.



«1991 жылдың 31 тамызы республика тағдыры үшін шешуші болған ұлы тарихи оқиға болды. Болашаққа әрқашан сеніммен, үлкен үмітпен қараған біздің халқымыз өзінің көп ғасырлық арманына жетті – тәуелсіздігін алды.Біз бірінші рет Тәуелсіздік күнін осы саябақта атап өтіп отырмыз. Оған «Янги Узбекситон» атауы берілді. Шын жүректен халықты мерекемен құттықтаймын және ізгі тілектерімді білдіремін», - деді Шавкат Мирзиёев.



Салтанатты іс-шаралардың шарықтау шегі отшашу болды. 2021 жылы қиын эпидемиологиялық ахуалға байланысты шаралардың көбі онлайн өтеді. Кейбір концерттер карантин шараларын сақтай отырып, алдын ала жазылып жатыр.


Ұйымдастырушылар бұл жағдайдың демалыс сапасы мен азаматтардың мерекелік көңіл-күйіне әсер етпейтініне үміттенеді.


Айта кетейік, Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздік күні 1991 жылғы 31 тамызда мемлекеттік тәуелсіздікті жариялау құрметіне жыл сайын 1 қыркүйекте тойланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бүгін #Өзбекстан #тәуелсіз #Той
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

6 жылда 911 шақырым жаңа теміржол салынды

Бүгін 12:34

Конституциялық Сот ерлі-зайыптылардың банк құпиясына қол жеткізу мәселесін қарады

Бүгін 12:17

Қазақстан азаматтарына баруға болмайтын 14 елдің тізімі шықты

Бүгін 12:03

Еліміздің барлық сауда орындарында 10-70 пайыз аралығында жеңілдіктер жүреді

Бүгін 11:44

Донорлыққа келісім бергендердің саны көбейді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика