Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бүгін - Отбасы күні

Бүгін - Отбасы күні

Әлеумет 12.09.2021, 05:34 2,221
Бүгін - Отбасы күні
Cурет: 24.kz

Аида Балаева қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады.


ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева отандастарын Отбасы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Баршаңызды бүгінгі керемет мереке – Отбасы Күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Елбасымыздың ұсынысымен басталған бұл мейрам бүгінде қоғам болып ұйысып атап өтетін шын мәніндегі жалпыхалықтық мерекеге айналды. Отбасы – мемлекеттің тірегі, қоғамның өзегі. Озық қоғамның қалыптасуы – үлгілі отбасылар көп болуына тікелей байланысты», - деді А.Балаев.


«Биыл 30 жылдық белесін бағындырып отырған Тәуелсіздік жылдары ішінде елімізде отбасы институты жаңа үлгіде жаңарып, өзіндік жолын анықтады деп нық сеніммен айта аламыз. Әр ұлттың мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтап, дамытуға мүмкіндік беріп отырған біздің көп ұлтты, көпконфессиялы қоғамдағы отбасыларға ортақ бірегей құндылық бар. Ол – бірлік пен татулық, төзімділік пен тұрақтылық. Бұның әсіресе ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы пен орны өте зор. Себебі қоғамдық мәдениеттің тамыры – үлгілі отбасылық тәрбиеден басталады, озық отбасылар қатары – ішкі бірлігі мен берекесі мықты қоғамды құрады», - деп атады министр.


«Күні кеше республикалық «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын марапаттадық. Жыл сайын ұйымдастырылатын аталған байқау тұтас қоғамға үлгі болатын өнегелі отбасылар қатарының мол екенін, елдің болашағының зор екенін көрсетеді. Осындай отбасылар – ертеңгі ел басқаратын зиялы азаматты да тәрбиелейді, бәсекеге қабілетті қоғамды да қалыптастырады. Сондықтан Отбасы мерекесі баршаңызға құтты болсын! Дендеріңізге саулық, баянды бақыт пен берекелі татулық тілеймін! Отбасыларыңыз аман болсын!», - деп жазды facebook парақшасында. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Отбасы күні #шаңырақ #министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика