AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бүгін – Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбековті...

Бүгін – Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбековтің туған күні

Әлеумет 12.10.2024, 14:41 1,612
Бүгін – Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбековтің туған күні
Сурет: Egemen.kz

Бүгін (1938-2014) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы, монументші-суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Шәкен Ниязбековтің туған күні.

 

Ол Тараз қаласында туған. Санкт-Петербург көркем өнеркәсіп институтын бітірген, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Еңбек жолы: 1963-1966 жылдары Санкт-Петербургтегі Электр пісіру жабдықтарының бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының суретші-конструкторы, 1966-1968 жылдары Қазақ КСР халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің суретшісі, 1969-1982 жылдары Алматы қаласының бас суретшісі, 1982-1987 жылдары Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы, 1983-1984 жылдары КСРО Суретшілер одағының хатшысы болып қызмет етті.

Ол – «Абай», «Музыка сазы», «Аңшылық», «Құрманғазы», «Кісен ашқан», «Әли Батыр», «Сырым Датов» және басқа да алюминийге, мысқа, жезге бедерленген монументтік туындылардың, Қазақстан Республикасы Туының, Алматы қаласы таңбасының авторы. Техника ғылымының докторы В. Зайчикпен бірлесіп жасаған пісіргіш машинасы Монреальдағы дүниежүзілік көрмеде көрсетілді.

«Глобус» телевизорының көркемдік-конструкторлық сапасы үшін 1965 жылы Чехословакияда өткен халықаралық конкурста І дәрежелі сыйлық берілді.

«Құрмет» орденімен, 1998 жылы «Астана» медалімен, 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, 2005 жылы «Қазақстан конститутциясына 10 жыл» медалі және т.б мемлекеттік марапаттармен марапатталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шәкен Ниязбеков #суретші #мемлекеттік ту авторы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін 20:42

Бұралқы иттер мәселесі: қазақстан аулау, стерильдеу, вакцинациялау және босатудан неге бас тартқалы отыр?

Бүгін 20:37

Бұтақтыда экологиялық акция өтті: алматылық жастар «Бұлақ көрсең, көзін аш» акциясына қатысты

Бүгін 20:31

Мемлекет басшысы: «Жер шарын қорғау – ортақ міндетіміз. Бүгінгі саммит бізге осыны көрсетеді»

Бүгін 18:16

Алматыда ушу-саньдадан Қазақстан чемпионаты басталды

Бүгін 18:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика