AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Бүгін жұртшылық Мұрат Мұхтарұлы Әуезовті ақтық са...

Бүгін жұртшылық Мұрат Мұхтарұлы Әуезовті ақтық сапарға шығарып салды

Өмір-өзен 16.06.2024, 18:01 756 yakiya
Бүгін жұртшылық  Мұрат Мұхтарұлы Әуезовті ақтық сапарға шығарып салды
Қ.Қоныспаев

Қоштасуға қазақтың барлық игі жақсысы, барлық саланың өкілдері және Мұрат Мұхтарұлына тілеулес болған қарапайым тұрғындар да көп жиналды.

Бүгін Құрбан айтта қазақ елі асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы, ұлтқа өмірінің соңына дейін адал қызмет еткен тұлға, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, шығыстанушы ғалым, I дәрежелі "Барыс" орденінің иегері, дипломат Мұрат Мұхтарұлы Әуезовті соңғы сапарына шығарып салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz           

Марқұммен қоштасу рәсімі Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрында өтті. Жаназасы да сол жерде шығарылды.

Қаралы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көңіл айту хаты оқылды.

"Ұлт руханиятының алға басуына, қазақ ғылымының көкжиегін кеңейтуге бар саналы ғұмырын арнаған зиялы, парасатты тұлға еді. Қазақ әдебиеті мен мәдениетін, тарихын терең зерделеп, соңына өлшеусіз мол мұра қалдырды. Қазақстанның халықаралық дәрежедегі беделінің артуына өзінің саяси-қоғамдық істерімен зор үлес қосты. Ғибратты ғұмыр кешіп, кемел де кемеңгер әке жолын лайықты жалғаған Мұрат Мұхтарұлының жарқын бейнесі мен қадірлі есімі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын," – деп жазылған көңіл айту хатында.

Қоштасу рәсімінде, сондай-ақ ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің, Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтің көңіл айту хаттары оқылды. Сөз сөйлегендердің ішінде белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов және т.б. зиялы қауым өкілдері  болды. Мұхтар Әуезовтей кемеңгер әкенің жолын лайықты жалғай білген Мұрат Мұхтарұлының атына жақсы сөздер айтылды.

Марқұм Алматының орталығындағы Райымбек даңғылы бойындағы зиратта жатқан әкесі Мұхтар Әуезовтің қасына жерленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мұрат Әуезов #қоштасу #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);