AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / "Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп

"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп

Әлем 07.03.2026, 17:32 335 Сұлу
"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп
depositphotos.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға "ауыр соққы" жасалуы мүмкін екенін айтып, қоқан-лоқы көрсетті. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Трамптың сөзінше, қазір "жеңіліске ұшырап жатқан" Иран Таяу Шығыстағы көршілерінен кешірім сұрап, бұдан былай оларға оқ атпайтынын мәлімдеген. Оның айтуынша, бұған АҚШ пен Израильдің толассыз шабуылдары себеп болған.

"Бұл - Иранның мыңдаған жыл ішінде Таяу Шығыстағы көрші елдерден алғаш рет жеңілуі. Олар: "Рақмет, президент Трамп", - деді. Мен: "Оқасы жоқ!" - деп жауап бердім", - деп жазды АҚШ президенті.

Трамптың сөзінше, Иран тізе бүкпейінше немесе толық күйремейінше мұндай күйде қала береді.

"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады. Иранның теріс әрекеттеріне байланысты осы уақытқа дейін нысана ретінде қарастырылмаған аумақтар мен адамдар топтарын толық жою және олардың сөзсіз қаза табуы мәселесі қазір қарастырылып жатыр", - деп қоқан-лоқы жасады ол.

Бұған дейін Трамп Иранға қатаң талаптар қойған болатын. Атап айтқанда, ол Иранмен қандай да бір келісім тек оның "сөзсіз тізе бүгуі" жағдайында ғана мүмкін екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол Иранның келесі басшысын таңдауға жеке қатысуы керек екенін айтқан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Трамп #Иран
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Жасыл балабақша» жобасы аясында семинар өтті

Бүгін 17:56

Халықаралық экологтар күніне орай «Эколог сағаты» тақырыбында кездесу өткізілді

Бүгін 17:53

Есіл жағалауындағы плоггинг акциясына ондаған адам қатысты

Бүгін 17:50

Астанада эко-челлендж басталды

Бүгін 17:42

Алматыда Саин көшесін ұзарту учаскесінде көлік қозғалысы ашылды

Бүгін 17:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);