Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Бүгін - Головкиннің туған күні: GGG жайлы ел біле...

Бүгін - Головкиннің туған күні: GGG жайлы ел біле бермейтін 10 дерек

Мұны білген жөн Бүгін 11:21 28
Бүгін - Головкиннің туған күні: GGG жайлы ел біле бермейтін 10 дерек
instagram.com/gggboxing

Бүгін, 8 сәуірде, қазақ боксының аңызы Геннадий Головкин 44-ке толды. Көпшілік оны әлем чемпионы, ауыр соққы иесі ретінде таниды. Бірақ оның өмір жолында көп айтыла бермейтін, расында таңғалдыратын деректер де аз емес. Aqshamnews.kz тілшісі әйгілі GGG туралы ел біл бермейтін қызық деректерді жинап шықты.

Ең әуелі, Геннадий Головкин - халықаралық спорт федерациясын басқаратын алғашқы қазақстандық. 2025 жылғы 23 қарашада ол World Boxing ұйымының президенті болып сайланды. Римде өткен конгресте ол бұл қызметке бірауыздан бекітілді. Бұл – GGG-дің спортшыдан халықаралық деңгейдегі спорт басшысына айналғанын көрсететін айқын дерек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының жаңа жетістігіне құтты болсын айтқан еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aqorda (@akordapress)

Тағы бір тарихи сәт – Головкиннің Халықаралық бокс даңқы залына енуі. 2025 жылғы 4 желтоқсанда ол International Boxing Hall of Fame қатарына қосылып, мұндай мәртебеге жеткен алғашқы қазақстандық болды. Оның үстіне GGG бұл тізімге алғашқы мүмкіндікте-ақ өтті. Бұл – кез келген боксшының маңдайына жазыла бермейтін жетістік.

Головкиннің өміріндегі ең әсерлі деректердің бірі – оның егіз бауыры Максимге қатысты. Максим Геннадийден 15 минут кіші. Екеуі де бокспен айналысқан, әрі Геннадий бауырының дарынды болғанын бірнеше рет айтқан. Бірақ екеуі бір салмақта өнер көрсеткендіктен, Максим бауырының жолын ашу үшін бокстан шет қалған. Бұл — GGG өміріндегі ең драмалық деректердің бірі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing)

GGG-дің әуесқой бокстағы статистикасы да таңғалдырады. Қазақстан ҰОК мәліметінше, ол 350 жекпе-жек өткізіп, 345 рет жеңіске жеткен. Мұндай көрсеткіштің өзі бөлек тарих.

Ал кәсіпқой рингтегі ең үлкен феномендерінің бірі – нокаут көрсеткіші. Guinness World Records дерегіне сәйкес, Головкин орта салмақтағы әлем чемпиондары арасындағы ең жоғары нокаут пайызын тіркеген. Оның көрсеткіші – 91,67 пайыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing)

Онымен қоса, Головкин қатарынан 23 жекпе-жекті нокаутпен аяқтаған. Қазақстан ҰОК бұл серияны орта салмақтағы ең ұзақ нокаут үстемдігің бірі ретінде сипаттайды. Бірнеше жыл бойы қарсыластары GGG-мен толық айқас өткізе алмай, мерзімінен бұрын жеңіліп отырған.

Тағы бір ерекше меже – титул қорғау көрсеткіші. Қазақстан ҰОК жариялаған мәлімет бойынша, Головкин орта салмақта чемпиондық атағын 21 рет сәтті қорғаған. Бұл көрсеткіш оны дивизион тарихындағы ең мықты чемпиондардың қатарына қосты. Орта салмақта ұзақ жыл бойы бір деңгейде қалып, белбеуді қайта-қайта қорғап тұрудың өзі кез келген боксшының қолынан келе бермейді.

Головкиннің қазіргі өмірінде де елді елең еткізер сәттер бар. 2026 жылғы сәуірде ол Ұлан-Батырда өткен Азия чемпионатына арнайы барып, сол сапарында Моңғолия Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ең жоғары марапаты – "Алтан Очир" наградасын алды. Айта кетейік, бұған дейін ол жоғары мемлекеттік награда – I дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталған еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing)

Азия чемпионатында тағы бір маңызды жайт жұрт назарын аудартты. Sports.kz жариялаған видеода Головкиннің қазақстандық боксшы Махмұд Сабырханның жеңілісіне берген реакциясы түсіп қалды. GGG қазір жекпе-жекке шықпаса да, ол әр қазақстандыққа бар көңілімен алаңдап, халықаралық ареналарда оларға ерекше қолдау білдіреді.

Ал былтыр Головкинге KIMEP университеті құрметті доктор атағын табыстады. Ресми мәліметте оған бұл атақ Қазақстанның халықаралық беделін көтеруге қосқан үлесі үшін берілгені айтылды. Әдетте мұндай құрмет спортшының тек рингтегі жеңісіне емес, қоғамдағы салмағына қарап ұсынылады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing)

Геннадий Головкин – тек чемпион емес, тұтас бір дәуірдің символы. Оның өміріндегі бұл деректер күштек жқұдырықта емесін аңғартады.

Aqshamnews.kz редакциясы бокс аңызын туған күнімен құттықтап, оған бар жақсылық тілейді! Алар асу көп болсын!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Геннадий Головкин #туған күн #GGG #10 дерек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда митохондриялық алмастыру терапиясы сынақтан өтіп жатыр

Бүгін 12:18

Алматының Жетісу ауданы жарықтандыруды, балабақша мен кәріз жүйесін жаңартқалы отыр

Бүгін 12:02

Алматыдағы Жетісу ауданы 12 гектар жерді абаттандырады

Бүгін 11:59

Алматының Жетісу ауданында 1200 орындық жаңа мектеп ашылады

Бүгін 11:55

Алматыдағы Жетісу ауданында биыл 42 шақырым жол жөнделмекші

Бүгін 11:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика