Бүгін футболдан Қазақстан біріншілігінің 16-туры басталады

Бүгін футболдан Қазақстан біріншілігінің 16-туры басталады Сурет: Fcdynamo.com

Түркістанда жергілікті «Тұран» мен Қостанайдың «Тобыл» командалары арасында өтеді.


Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 16-туры басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Аталған турдағы алғашқы кездесу Түркістанда жергілікті «Тұран» мен Қостанайдың «Тобыл» командалары арасында өтеді. Ойын елорда уақытымен 21:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.


Ал 2 шілдеде «Шахтер» (Қарағанды) мен «Ақтөбе», «Атырау» мен «Тараз» шеберлік байқасады. Сондай-ақ, 3 шілдеде «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Мақтаарал» (Түркістан облысы), «Қайрат» (Алматы) пен «Ақжайық» (Орал), «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Қызылжар» (Петропавл) командалары жасыл алаңға шығады.


Аталған турды 4 шілдеде «Ордабасы» (Шымкент) мен «Каспий» (Ақтау) командалары түйіндейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21