14 наурыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.
«Қазгидромет» РМК таратқан мәліметке сенсек, бүгін еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.
Тек Ақтөбе, түнде Атырау қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.