Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Бүгін – Денис Теннің көз жұмған күні

Бүгін – Денис Теннің көз жұмған күні

Өмір-өзен 19.07.2024, 11:09 1,109
Бүгін – Денис Теннің көз жұмған күні
интернеттен

Спортшы бар болғаны 25 жасында кісі қолынан өлген еді. 

Алты жыл бұрын дәл осы күні Денис Тен көз жұмған еді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Блогер Александр Цой спортшының өлген күні туралы өзінің Facebook парақшасына естелік жазды.

«Сол сәтте Мега Паркте жүрген едім. Сұмдық хабарды естігеннен кейін бүкіл ойын-сауық орталығында музыка тоқтады, дүкендердің жарығы өшті, адамдар сол жерде жылап жатты… Денис мейірім мен еңбекқорлықтың, таланттың жаршысы еді. Кенеттен ол жоқ болып кетті. Мен әлі күнге дейін бұл қазаға сене алмаймын. Бір қалжыңбастың сәтсіз әзілі сияқты көрінеді. «Достар, мен ешқайда кетпедім. Сендерге айтар жаңалығым көп» деп кіріп келетін сияқты. «Денис, біздің мұнда не ойлағанымызды білмейсің ғой!» деп жамырай қарсы аламыз, сосын бүкіл қайғы сейілетін сияқты. Денис бұл әлемге қайтадан жарық сәуле, үйлесім, сүйкім мен махаббат әкелуін жалғастыра түседі. Бірақ бұлай болмайды… Кешір бізді, чемпион!»

Денис Тен – мұз үстінде мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның атын алғаш әлемге танытқан жарық жұлдыз еді. 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері атанып, 2013 жылғы әлем чемпионатында күміс медальға ие болды. VII қысқы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан чемпион атанған. Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Спортшыны 2018 жылы 19 шілдеде Алматыда пышақтап, өлтіріп кетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Денис Тен #чемпион #Мәнерлеп сырғанау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49

Алматыда азық-түлік инфляциясы үш айда 3,1% болды

Бүгін 17:44

Алматының 2026-2028 жылдарға арналған ірі жобалары: IT, автокөлік өндірісі және фармацевтика

Бүгін 17:40

Алматыдағы индустриялық аймақтардың толымдылық деңгейі 90%-дан асты — Олжас Смағұлов

Бүгін 17:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика