AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Бүгін - Аумақтық қорғаныс әскерлерінің күні

Бүгін - Аумақтық қорғаныс әскерлерінің күні

Өмір-өзен 13.06.2022, 08:02 1,627
Бүгін - Аумақтық қорғаныс әскерлерінің күні
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Олардың міндетіне халықты, объектілер мен коммуникацияларды қарсыластың түрлі әрекеттерінен, диверсиялық немесе террорлық актілерден қорғау кіреді.


Аумақтық қорғаныс әскерлері 2017 жылғы 13 маусымда құрылған болатын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Осы кезең аралығында әскерлер 6 мыңнан астам әскери міндеттіні оқытып, дайындады.


Әскерлердің қызметіне жалпы басшылықты полковник Ризат Қолпашев басқаратын Бас штабқа қарасты Аумақтық қорғаныс департаменті жүзеге асырады.


Барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда бейбіт уақытта қысқартылған құрамда ұсталатын және төтенше немесе соғыс жағдайы режимдерін енгізу кезінде жергілікті халық арасынан әскери міндеттілерді шақыру арқылы өрістетілуі мүмкін аумақтық әскерлер құрамалары жұмыс істейді.


Бастапқыда бұл бөлімшелер жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық мемлекеттік мекемелері ретінде жұмыс істеген болатын.


2018 жылғы сәуірде әкімдіктердің жанындағы аумақтық қорғаныс құрамалары Қазақстан Республикасы Қарулы күштері аумақтық әскерлерінің әскери бөлімдері болып қайта құрылды. Сол жылғы мамыр айында өткен жауынгерлік парадта Мемлекет басшысы облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне құрамалардың жауынгерлік туларын табыс етті. Жылдың соңында, яғни желтоқсан айында әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері бойынша әкімнің көмекшісі лауазымы енгізілді. Оған әскери қызметте қажетті тәжірибесі бар Қарулы Күштердің офицерлері тағайындалды.


Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын аумақтық қорғаныс бөлімшелеріне тіркелген әскери міндеттілердің жиынын өткізіп тұрады. Аумақтық әскерлер мен жергілікті атқарушы органдар лауазымды адамдарының оқу-жаттығулары мен біліктілігін арттыру курстарын өткізу де бір жүйеге түскен.


Бүгінде Аумақтық қорғаныс әскерлері Қарулы Күштердің ауқымы кең оқу-жаттығуларына тұрақты түрде қатысып, өздерінің міндеттерін сәтті орындап жүр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қорғаныс #аумақ #әскер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);