AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Бүгін астанада республикалық «Қазақстан барысы» ту...

Бүгін астанада республикалық «Қазақстан барысы» турнирі өтеді

Спорт 03.07.2022, 06:37 1,505
Бүгін астанада республикалық «Қазақстан барысы» турнирі өтеді
Сурет: Inform.kz

Бүгін елордада республикалық «Қазақстан барысы» турнирі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Турнир «Барыс-арена» мұз сарайында елорда уақытымен 13:00-де басталып, «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.


Турнир жеңімпазына 25 миллион теңге ақшалай сыйлық, алтын белбеу және алтыннан құйылған «тайтұяқ» беріледі. Ал екінші орын иегері 5,5 миллион теңге мен күміс белбеу, қола жүлдегер 1,8 миллион теңге мен қола белбеуге қол жеткізеді.


Биылғы бәсекеге Жамбыл облысынан Бейбіт Ыстыбаев қатысады деп күтілуде. Ол аталған турнирде 2012, 2015 және 2016 жылдарда жеңімпаз атанған болатын. Ал екі мәрте жеңіс тұғырынан көрінген Айбек Нұғымаров биыл спорттық мансабын аяқтағанын жариялады. Сондай-ақ, өткен жылы «Қазақстан барысы» атанған Дәурен Нұралинов алған жарақатына байланысты жарысқа қатыса алмайтынын жария етті.


Турнирде биыл мамандар Мұхит Тұрсынов пен Еламан Ерғалиев бас жүлдеден үміткер ретінде санайды. Мұхит 2014, Еламан 2017 жылы жеңіс тұғырына көтерілген еді. 2019 және 2021 жылдарда күміс жүлдегер атанған Ерасыл Қажыбаев пен Ғалымжан Қырықбай да қатысады. Турнир барысында барлығы 36 балуан сынға түседі.


Еске салсақ, бұдан бұрын ұлттық спорт түрлерінен «Қызылжар-2022» фестивалі өтті.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#турнир #Қазақстан барысы #алтын белбеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда республикалық театр фестивалі басталды

Бүгін 20:19

Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларына қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есеп

Бүгін 18:17

Экологтар City Run жарысы кезінде Алматы орталығындағы ауа сапасын өлшеді

Бүгін 16:48

Рекордтар, жапондық танымал спортшы және 66 елден келген желаяқтар: Алматыда мерейтойлық жүгіру маусымы аяқталды

Бүгін 13:26

Алматыдағы спорт мектебінің ғимараты жанып кетті

Бүгін 13:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);