AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Бүгін – Астана күні!

Бүгін – Астана күні!

Мәдениет 06.07.2024, 11:02 1,375 yakiya
Бүгін – Астана күні!
Tengrinews.kz

Биыл Астана қаласына 26 жыл болды. 

Бүгін, 6 шілдеде қазақстандықтар ел астанасы  – Астананың 26 ​​жылдығын тойлап жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Астана ғажайып ғимараттарымен, ерекше келбетімен, Еуразиядағы сәулетті қалалардың біріне айналды. Елорда дәстүр мен жаңашылдықты ұштастырып, еліміздің дамуы мен өркендеуінің жарқын белгісі атанып, бүкіл әлемге танылды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, осы уақыт аралығында елорданың тарихы, мәдениеті мен өзіндік дәстүрі қалыптасып үлгерді.

"Астана – әкімшілік және саяси орталық қана емес, Қазақстанның мәдени өмірі қайнап жатқан рухани жүрегі. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтардың қатысуымен ауқымды халықаралық мәдени іс-шаралар, фестивальдар, көрмелер мен концерттер өтеді. Елордада өтіп жатқан халықаралық форумдар мен съездер оның жаһандық диалог пен ынтымақтастықтың маңызды орталығы екенінің айқын дәлелі", делінген ведомство құттықтауында.

Аталмыш күн елорда тұрғындары үшін ғана емес, әрбір қазақстандық үшін де ерекше мереке.

"Астана – мемлекетіміздің бейбіт әрі сындарлы саясатының, еліміздің қарқынды дамуы мен жарқын болашағының, бүкіл елдің татулығы мен тұтастығының көрінісі. Қарқынды дамудың, мәдени және жаңашыл басталамаларды қолдаудың арқасында Астана жаңа Қазақстанның символына айналды. Баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!", делінген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратында.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 1997 жылы елорда халқы 287 201 адам болса, 26 жылдан кейін мұндағы тұрғындар саны 1 430 117-ге жетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #мереке #Елорда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға бара жатқан жолда жоғалып кеткен 21 жастағы тұрғын аман-есен табылды

Бүгін 16:57

Ақжан мен Ақниет: Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Бүгін 15:22

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Бүгін 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Бүгін 12:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);