Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Бұдан былай санитарлық кітапшалар мен медициналық...

Бұдан былай санитарлық кітапшалар мен медициналық анықтамалар цифрлық форматқа ауысады

Медицина 05.01.2025, 09:09 896
Бұдан былай санитарлық кітапшалар мен медициналық анықтамалар цифрлық форматқа ауысады
Cурет: ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер туралы мәлімдеді.

Биылдан бастап жеке медициналық кітапшалар беру, есепке алу және жүргізу электронды форматқа көшіріледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 Аталған тетікті енгізу азаматтарға құжатты бірден бірнеше ұйымға ұсынуға мүмкіндік береді, бұл олардың уақыты мен қаражатын үнемдейді. Бүгінде 1,6 млн-ға жуық қазақстандықтың санитарлық кітапшасы бар.

Өзгерістер басқа медициналық құжаттардың берілуіне де әсер етті. Сондай-ақ азаматтарға ыңғайлы болу үшін қағаз түрінен электронды форматқа көшіру жоспарланып отыр:

Еңбекке жарамсыздық парағы;
075/у «Медициналық анықтама»;
026/у «ДКК қорытындысы»;
073/у «ТҚ басқаруға рұқсат беру туралы анықтама»;
069/у «Санаторий-курорттық карта»;
052-2/у «Бала денсаулығы паспорты»
076/у «Қаруға рұқсат алу»;
038/у «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама». 

Қазіргі уақытта бұл мақсатқа жету үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау жұмыстары жүргізілуде. Құжаттар үшінші қолға азаматтардың келісімімен ғана «еDensaulyq» бөлімінде медициналық деректерге қол жеткізу мүмкіндігі бар «eGov mobile» қосымшасы арқылы беріледі.

Сонымен қатар жаңа жылдан бастап балаға екпе салуға рұқсат беру немесе бас тарту да электронды түрде тіркеледі. Егер екпе салынған пациент вакцинадан кейінгі асқынуларға шағымданған жағдайда ғана әрекет алгоритмі өзгереді. Медицина тілінде мұны иммунизациядан кейінгі жағымсыз әсерлер деп атайды. Дәрігер дереу көмек көрсетуге, электронды хабарлама ресімдеп, оны мемлекеттік органдарға тапсыруға міндетті болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медициналық анықтама #электронды формат #өзгеріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада Tesla тізгіндеген 14 жастағы жасөспірім полициядан қашпақ болған

Бүгін 09:12

Жаңбыр, найзағай: бүгін еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Кеше 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Кеше 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Кеше 18:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика