AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бұдан былай елімізде жалғызбасты ер адамдардың б...

Бұдан былай елімізде жалғызбасты ер адамдардың бала асырап алу құқығы әйелдермен тең болады

Әлеумет 24.07.2024, 15:52 1,242
Бұдан былай елімізде жалғызбасты  ер адамдардың  бала асырап алу құқығы әйелдермен тең болады
Сурет: Islam.kz

ҚР Конституциялық Соты «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 91-бабы 2-тармағының 11) тармақшасын Конституцияға сәйкес емес деп таныды.

Кодекстің аталған нормасына сәйкес, анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдар бала асырап ала алмайды.

Конституциялық Сотқа жүгінген азамат бұл норманы кемсітуші және Конституцияның ешкімді жынысы бойынша қандай да бір кемсітуге болмайды деп көрсетілген 14-бабына қайшы деп санайды. Ол тіркелген (заңды) некеде тұрмаған әйелдер үшін мұндай тыйым салу жоқ екеніне назар аударады.

Тексеру нәтижелері бойынша Конституциялық Сот тұтастай алғанда заң шығарушының бала асырап алу құқығының шарттары мен шектеулерін белгілеу жөніндегі тәсілінің өзі мемлекеттің балалық шақты қорғаудың конституциялық белгіленген міндетіне және балалардың мүдделерін барынша жақсы қамтамасыз етудің қабылданған міндеттемелеріне сәйкес келетіндігін, сондай-ақ, белгілі бір мақсаттарда адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын заңдармен шектеу мүмкіндігі туралы Конституцияның 39-бабына сәйкес келетіндігін атап өтті.

Сонымен бірге, бала асырап алғысы келетін адамдар үшін заң шығарушы белгілеген шектеулер заңды түрде негізделген мақсаттарға сәйкес келуі және балалардың құқықтары мен мүдделеріне сүйене отырып, әділдік, пропорционалдылық және мөлшерлестік талаптарына сай жауап беруі керек.

Конституциялық Сот өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға мұқтаж баланың мүдделеріне сүйеніп, неке мен отбасын, ана болуды, әке болуды және балалық шақты қорғаудың конституциялық белгіленген міндетін басшылыққа алу керектігін көрсетті. Тиісінше, заңнамалық тетіктер бала мен әйелдің, ең алдымен, некеде тұрған және отбасы бар, баланың мүдделері мен қамқорлығын жақсы қамтамасыз ету мақсаттарына көбірек жауап беретін адам ретінде бала асырап алуды қолдауға бағытталуы керек.

Осылайша, балаларды асырап алуға ниет білдірген адамдарға деген тең емес көзқарас Конституцияның 14-бабының талаптарына сәйкес келмейді деп табылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституциялық сот #бала асырап алу #Ер адамдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді

Бүгін 22:45

Қазақстан-Германия бизнес форумында маңызды келісімдер жасалды

Бүгін 22:30

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Бүгін 21:15

Қазақстан Республикасының Президенті мен Германия Федеративтік Республикасы Президентінің Бірлескен Декларациясы

Бүгін 21:00

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 20:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);