AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Б.Сағынтаев метро құрылысы туралы: Жыл аяғында екі...

Б.Сағынтаев метро құрылысы туралы: Жыл аяғында екі бекетті іске қосамыз

Экономика 25.06.2021, 12:40 2,254
Б.Сағынтаев метро құрылысы туралы: Жыл аяғында екі бекетті іске қосамыз
almaty-akshamy.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында журналистердің сұрақтарына жауап бере келіп, метро құрылысының қарқыны туралы айтты.



Б. Сағынтаевтың айтуынша, метро құрылысының мерзіміне пандемия ықпал етті, соның салдарынан жұмысшылар мен мамандардың жұмысқа шығуы шектелді және шекара жабық болды. 


«Метроның бірінші желісінің екінші кезеңінің екінші іске қосу кешенінің құрамына енетін «Сарыарқа» және «Достық» бекеттері ұзындығы 3,1 шақырым метро желісін қамтитын құрылыс жалғасуда. Қазір мұндағы дайындық 80%-ды құрайды. Жыл соңына дейін трафикті тестілік режимде іске қосу жоспарлануда», - деді Б.Сағынтаев.


Бұрын хабарланғандай, 3,1 шақырым метро желісі Абай даңғылы бойымен Алтынсарин даңғылынан батысқа қарай Момышұлы көшесіне өтеді. 



Қазіргі кезде бекеттерді ішкі әрлеу, аумақты абаттандыру, сыртқы және ішкі инженерлік желілер мен автоматика жүйелерін жабдықтау, сигнал беру және байланыс, технологиялық жабдықты (тартқыш-төмен түсіретін қосалқы станция, жол қозғалысын басқару жүйесін автоматтандыру, желдету және т.б.) орнату жұмыстары жүруде.



Аталған бекеттерден өзге 2020 жылы ұзындығы 2,5 шақырымға созылған Қалқаман бекеті және жұмыс істейтін тоннельдерді қамтитын Алматыдағы метрополитеннің екінші кезеңінің үшінші іске қосу кешенінің құрылысы басталды, оның құрамына Алматы метрополитенінің екінші кезеңінің Қалқаман бекеті және ұзындығы 2,5 шақырым қума тоннельдер енеді.


Сонымен қатар, қаланың перспективалық дамуын ескере отырып, батыс бағытта халықаралық әуежайға, солтүстік және оңтүстік бағытта метрополитен салу жобалары қарастырылуда.


Бұдан өзге, 8 жаңа электр пойыз құрамалары сатып алынуда. Екі бекет іске қосылса, онда жолаушылар ағыны тәулігіне 86 мың адамға артады деп болжануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#МЧС #антикор #Казахстан #ОКҚ #Сағынтаев #метро
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);