AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / БҚО-да метанол өндіретін газ-химия кешенін салу жо...

БҚО-да метанол өндіретін газ-химия кешенін салу жоспарланып отыр

Экономика 06.12.2022, 05:20 1,855
БҚО-да метанол өндіретін газ-химия кешенін салу жоспарланып отыр
Сурет: Inform.kz

Осы жобаны қаржыландыру бойынша тиісті жұмыстар басталды.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев CITIC Construction Co Ltd. және China Huanqiu Contracting & Engineering (Shanghai) Co., Ltd. компанияларының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz cілтеме жасап.


Кездесу барысында Zhaik Petroleum LTD қазақстандық компаниясы мен қытайлық компания арасында EPC-келісімшартқа (бұл жобалау, сатып алу және құрылысты қамтитын келісімшарт) қол қойылды. Осы келісімшарт арқылы Батыс Қазақстан облысында өнімділігі 130 мың тонна метанол өндіруге қауқарлы газ-химия кешенін салу көзделіп отыр.


Еліміздің тарапы бұл жобаны табысты іске асыру мақсатында қажетті қолдауды көрсетуге дайын. Қазір «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның даму институттарымен бірлесіп, осы жобаны қаржыландыру бойынша тиісті жұмыстар басталды. Өз тарапымыздан жобалау мен құрылысты жүзеге асыру, сондай-ақ жобаны сәтті іске асыру үшін қажетті жабдықтарды жеткізу жөніндегі жоспарларыңызды құптайтынымызды айтқымыз келеді, - деді Қайырбек Өскенбаев.


Осы ретте құрылыс-монтаж жұмыстары кезеңінде 500-ге жуық жұмыс орны, сондай-ақ кешен іске қосылғаннан кейін 220 тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны – 140 млн доллар.


Аталған газ-химия кешені 2024 жылдың аяғына қарай іске қосылмақ. Бұдан кейін құны 200 млн долларға аммиак пен карбамидті шығаруға байланысты жобаның екінші кезеңі іске асырылады деп қарастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #газ #химия #кешен
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда құқықтық мәдениет тақырыбын көтерген конференция өтті

Бүгін 10:35

Сейфуллин – Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы аяқталды

Бүгін 10:18

Алматыда JAN Production киностудиясының директоры қамалды

Бүгін 09:10

Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:39

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);