AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Бояумен жазылған ғұмыр

Бояумен жазылған ғұмыр

Мәдени Алматы Бүгін 13:54 66
Бояумен жазылған ғұмыр

Алматыда көрнекті суретші, өнертанушы, профессор Байтұрсын Өмірбековтің шығармашылық мұрасына арналған «Өмір өрнектері» көрмесі ашылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Көрме Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында суреткердің 80 жылдығына орай өткен дөңгелек үстел аясында ұйымдастырылды. Жиынға суретшінің туған-туыстары, әріптестері мен шәкірттері қатысып, оның шығармашылық жолы, бейнелеу өнеріне қосқан үлесі мен ұстаздық еңбегі туралы естеліктерімен бөлісті. Туындылары халықаралық деңгейде танылған Байтұрсын Өмірбеков Ресей көркемсурет академиясының құрметті шетелдік мүшесі болған.

Суреткерді білетіндер оның бойындағы екі қасиетке: қарапайымдылығы мен асқан мәдениеттілігіне ерекше тәнті болатын. Ол Жаркенттің сулы, нулы Талды ауылында туып-өсті. Көркем табиғат бала кезінен оны әсемдікке баулып, сурет салуға, музыка тыңдауға жетеледі. Бірде әншілікке, бірде әртістікке ауған аңсары ақыры бейнелеу өнеріне тоқтады. Ол өз танымы мен азаматтық ұстанымын бояу үйлесімі арқылы жеткізуді мақсат тұтып, бар ғұмырын осы салаға арнады.

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының көркем-графика факультетін бітірген соң, оқу орнында қалып, шебер педагог әрі ұйымдастырушы ретінде танылды. Кейін жаңадан ашылған Алматы көркем-театр институтының оқу және ғылым жұмысы жөніндегі проректоры болып, оқу ордасының бағыт-бағдарын айқындау, бағдарлама құру, білікті мамандар тарту сияқты жауапты жұмысты абыроймен атқарды. Ресейде және басқа өңірлерде жүрген отандық мамандарды елге шақырып, тұрмысын түзеуге, шығармашылығын шыңдауға қолдау көрсетті.

Танымал суретші Жұмақын Қайрамбаев Ленинградтағы Репин атындағы институтты бітіріп келіп, жұмыссыз жүрген кезінде Байтұрсын аға бірден қызметке алғанын айтқаны бар. Оқу басталғанына бір ай өтіп кетсе де, проректор оны 1 қыркүйектен бастап жұмысқа алу туралы бұйрық шығартып, өткен айдың жалақысын төлеткен, баспанасыз жас маманға бөлме тауып берген. «Менен 7-8 жас үлкен еді, қамқорлығын аяған жоқ. Туған ағамдай болып кетті. Ешкімнен көрмеген жақсылықты сол кісіден көрдім», – дейді профессор.

Кейінгі жылдары Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайының директоры, Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы қызметтерін атқарғанда да Байтұрсын Есжанұлы турашылдығы мен шыншылдығынан айныған жоқ. Қаламгер Жүсіпбек Қорғасбектің айтуынша, сырт көзге момын көрінгенімен, ол қоғам ісінде өте белсенді, ұстанымы мықты, айтқанынан қайтпайтын мінезімен танылған. Сондықтан журналистер қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша ең алдымен соның пікірін сұрайтын.

Мұражайға Байтұрсын аға басшылық еткен кезең жұрттың ынта-ықыласы материалдық игілікке ауып, өнер мен руханият қағажу көре бастаған уақытқа тұспа-тұс келді. Мұндай жағдайда суретшілердің рухын көтеріп, мүддесін қорғау, бейнелеу өнерін ұлттың рухани мәдениетінің бір бөлігі ретінде дамыту оңай болған жоқ. Соған қарамастан ол бұл міндеттің үдесінен шықты. Жұмақын Қайрамбаевтың естелігінше, Одақта бұрын үнемі болып тұратын жүз, ру таласы ол басшылыққа келген соң тыйылған. «Аға айғайламайтын, өмірі дауыс көтермейтін. Ақырын сөйлесіп жүріп-ақ қалаймақанның бәрін жоқ қылды», – дейді ол. Әрқайсысы өзінше дара суретші қауымды мойындатқан да оның әділдігі, адалдығы мен ақыл-парасаты болса керек.

Байтұрсын Өмірбеков кескіндеме, графика және мүсін өнері жөнінде бірнеше кітап, оқу құралын жазып, альбомын шығарды. Талай лауазымды қызмет атқарса да, оны жеке мақсатына пайдаланбаған суреткер алғашқы жеке көрмесін 75 жасында, өмірден өтерінен үш жыл бұрын ғана өткізді. Бексұлтан Нұржекеұлы сол көрме суретшінің іштей шымыр дайындықта жүрген үлкен кескіндемеші екенін көрсеткенін айтады.

Суретші Еркін Нұразхан оның жастарға көрсеткен қамқорлығын ризашылықпен еске алып: «Ағалық, ұстаздық, азаматтық қалпынан айнымай өмірден өтті», – дейді.

Замандастарының сағынышқа толы сөздерінен олардың Байтұрсын Есжанұлын әділетсіз қоғамда әділетті өмір сүрген тұлғаға балайтыны байқалады. Бексұлтан Нұржекеұлы айтқандай, «өңі жылы, жаны одан да жылы» Байтұрсын аға айналасына қайырым мен ізгілік нұрын таратып кетті. Ал бүгін ашылған «Өмір өрнектері» көрмесі сол нұрды жаңа буын көрерменге жеткізіп отыр.

Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бірмандаттық сайлау округтері бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу өткізу кестесі

Бүгін 15:34

2026 жылғы 29 қараша - Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауы

Бүгін 15:31

Алматыда ауыр эпилепсиямен ауыратын балаларды емдеу мүмкіндіктері кеңейіп келеді

Бүгін 15:03

Алматының Түрксіб ауданындағы Александров көшесінде жүргіншілер аймағын көркейту жұмыстары аяқталды

Бүгін 15:00

Алматы қаласы Білім басқармасының ахуалдық орталығы «Хрустальный шар – 2026» халықаралық сыйлығының арнайы жүлдесін иеленді

Бүгін 14:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);