AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бостандық ауданында «RYH MARATHON» атты жыл сайынғ...

Бостандық ауданында «RYH MARATHON» атты жыл сайынғы спартакиасы ашылды

Әлеумет 19.09.2024, 17:20 1,122
Бостандық ауданында «RYH MARATHON» атты жыл сайынғы спартакиасы ашылды
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының Бостандық ауданында жыл сайынғы аудандық «RYH MARATHON» спартакиадасының салтанатты ашылуы сәтті өтті.

Іс-шараны Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы мен Бостандық ауданының әкімдігі қолдап, жастар мен спорт сүйер қауымды белсенді өмір салтына ынталандырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Спартакиаданың ашылуы аудандағы бос уақыт өткізу орталықтарының тәрбиеленушілері арасында өткен қызықты футбол матчымен есте қалды. Турнирге қатысушылар ойын техникасын ғана емес, шынайы командалық рухты да көрсетті. Турнир басында жарияланған жүлде қоры командаларға қосымша ынталандыру беріп, жеңіске деген ұмтылысты күшейтті.

Футбол турниріне «ZHASTAR», «CRUSH», «ZHANUKAY», «SHALQAR», «DMU» атты бес команда қатысты. Бұл командалар аудан жастарының спорттық бастамаларының көрінісі болып, әрқайсысы достық бәсекелестік атмосферасын қалыптастыруға өз үлесін қосты.

«RYH MARATHON» спартакиадасы алдағы апталарда қатысушылар мен көрермендерді түрлі спорттық сайыстармен қуантады. Жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол және басқа да спорт түрлері бойынша бәсекелер өткізіледі. Қатысушылар физикалық дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, достық пен ынтымақтастық рухын нығайтуға мүмкіндік алады.

Айта кету керек, Алматыдағы бос уақыт өткізу орталықтары жастардың дамуына үлкен үлес қосады, түрлі үйірмелер мен белсенді бос уақытты өткізетін бағдарламалар ұсынады. Бүгінгі таңда қалада 100 бос уақыт өткізу орталығы жұмыс істейді, олардың базасында 260-тан астам тегін үйірме ұйымдастырылған. Бұл орталықтарда 14 пен 29 жас аралығындағы 12 мыңнан астам жас тіркелген, олардың саны жыл сайын артып келеді.

«RYH MARATHON» спартакиадасы тек спорттық жарыс емес, сондай-ақ жастар арасында көшбасшылық қасиеттерді дамыту мен спорт мәдениетін нығайтуға арналған платформа болып табылады. Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттап, қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«RYH MARATHON» #cпартакиада #Бостандық ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Валюталық шарттар бақылауда: Алматы бизнесі нені ескеруі керек

Бүгін 11:17

«Қазселденқорғау» мекемесі мониторинг жүргізіп, жағдайдың тұрақтылығын анықтады

Бүгін 11:05

Қорғаныс министрлігі әскери қызметтегі матростар туралы ақпарат берді

Бүгін 11:00

Қайрат Нұртастың концерті экоакциямен аяқталды

Бүгін 10:55

Алматы ТЖД хабарламасы

Бүгін 10:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);