AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бостандық ауданында 11 магистральді көшеде техника...

Бостандық ауданында 11 магистральді көшеде техникалық тротуарлар салынады

Әлеумет 24.02.2025, 09:16 1,050
Бостандық ауданында 11 магистральді көшеде техникалық тротуарлар салынады
Алматы қаласы әкімдігі

2025 жылы техникалық тротуарларды салу жұмыстары заманауи көріктендіру стандарттарына сәйкес жүргізіледі, деп хабарлайды Aqshamnews.kz

Жаңа жобалар қала ортасының жайлылығы, экологиялық тазалығы және тартымдылығын арттыруға бағытталған. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 11 магистральді көшеде техникалық тротуарлар төселеді. Бұл туралы Бостандық ауданы әкімдігі хабарлады.

Жоба аясында Садықов, Мұстафин, Исиналиев, Тілендиев, Радостовец, Ғабдуллин, Кекілбайұлы, Наурызбай батыр, Марков, Өтепов көшелері және Бұқар Жырау бульвары қамтиды

 

Аудан әкімдігінің мәліметінше, өткен жылы 6 магистральді көшеде техникалық тротуарлар салынған. Олар: Абай даңғылы, Байзақов көшесі, әл-Фараби даңғылы, Серкебаев даңғылы, Жароков көшесі және Тимирязев көшесі.

 

«Техникалық тротуар жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысын нақты бөліп, жол-көлік оқиғаларының қаупін азайтады. Біз тұрғындар үшін барынша ыңғайлы жағдай жасауға тырысамыз», – деді ауданның инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің өкілдері.

Олардың мәліметінше, жұмыс жыл бойы жалғасады.

Техникалық тротуар магистральді көшелерде орналасқандықтан, ол топырақтың шайылуына жол бермейді, қарды сапалы түрде тазалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұндай тротуарлар су ағызу мәселесін шешіп, нөсер жаңбыр кезінде көшелердің су астында қалуын болдырмайды.

Бұған қоса, биыл жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасады. Қазіргі уақытта мердігер ұйымды анықтау бойынша байқау рәсімдері қолға алынған. Жөндеу жұмыстары келісімшарт жасалғаннан кейін басталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Бостандық ауданы #тротуар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Бүгін 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Бүгін 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Бүгін 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);