Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Боран, көктайғақ: бейсенбіде 14 өңірде дауылды еск...

Боран, көктайғақ: бейсенбіде 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Барлығы 22.01.2026, 08:39 276
Боран, көктайғақ: бейсенбіде 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
depositphotos.com

Қазақстанның 14 облысында 22 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар өңірде қар жауып, бұрқасын соғады, тұман түсіп, жолдарда көктайғақ қалыптасады.

Атырау облысында қар жауып, солтүстік және шығыс аудандарда жаяу бұрқасын күтіледі. Батысы мен оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Атырау қаласында түнгі және таңғы уақытта тұман мен мұзтайғақ сақталады.

Павлодар облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында қар жауып, боран соғады. Солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Павлодар қаласында да таңертең тұман түсуі ықтимал.

Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында жаңбыр аралас қар жауып, бұрқасын мен көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түседі. Желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Шымкент пен Түркістан қалаларында да қолайсыз ауа райы сақталады.

Маңғыстау облысының батысы, солтүстігі және орталық бөлігінде тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады.

22–24 қаңтар аралығында Алматы облысының солтүстігі, оңтүстігі және таулы аудандарында тұман түсіп, жолдарда мұз қатуы мүмкін. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Алматы қаласы мен Қонаевта да тұман мен көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының шығысы мен оңтүстігінде жолдар тайғақ болады. Солтүстік, оңтүстік және орталық бөлігінде тұман түседі. Қызылорда қаласында күндіз көктайғақ байқалады.

Абай облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Аягөз ауданында желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Ұлытау облысында аздап қар жауып, бұрқасын соғады. Жезқазған қаласында кей уақыттарда тұман байқалады.

Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде қар жауып, боран соғады. Кейбір аудандарда тұман күтіледі.

Жамбыл облысының батысы мен оңтүстігінде қар жауып, тұман мен көктайғақ болады. Желдің екпіні кей жерлерде 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Тараз қаласында да қар жауып, бұрқасын соғады деп болжануда.

Ақмола облысында аздап қар жауып, бұрқасын болады.

Жетісу облысының шығысы мен таулы аймақтарында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ қалыптасады. Алакөл ауданында желдің екпіні 28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Орал қаласында да осындай ауа райы сақталады.

Мамандар тұрғындарды алыс жолға шыққанда сақ болуға және ауа райының қолайсыздығын ескеріп, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дауыл #шаңды дауыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының нәзік жандылары қала тұрғындарын референдумға шақырды

Бүгін 14:38

116 жастағы Түймегүл әже көп жасаудың сырын айтты

Бүгін 11:35

Тағы 1,8 мыңға жуық адам Таяу Шығыстан Қазақстанға оралды

Бүгін 11:02

Жаңбыр, көктайғақ пен тұман: 8 наурызда ауа райы қандай болады?

Бүгін 10:20

Тоқаев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Бүгін 08:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі