конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Болат Жәмішев: «Қазақстан халқына» қорының штаты ү...

Болат Жәмішев: «Қазақстан халқына» қорының штаты үлкен емес, бар-жоғы 25 адам

Әлеумет 19.01.2022, 07:32 1,369
Болат Жәмішев: «Қазақстан халқына» қорының штаты үлкен емес, бар-жоғы 25 адам
skating.kz

«Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев қор жұмысы туралы айта келе, ең алдымен кімдерге көмек көрсетілетінін мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«Әрине, қор халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында жұмыс істейді. Дегенмен бір қорға сенім артып, содан елдің жағдайы жақсарып кетеді деген қате түсінік. Біз мемлекеттік органдар іске асырып жатқан әлеуметтік қолдау шараларын қайталамаймыз. Қазір біз ұйымдастыру жұмысымен айналысып жатырмыз. Сонымен қатар алғашқы көмек беру шарасын да қолға алдық. Біздің алғашқы қайырымдылық жобамыз - жаппай тәртіпсіздік кезінде қызмет барысында қаза болған құқық қорғау және әскерилердің отбасына көмек. Және ауыр дертке шалдыққан балаларға көмек көрсеткіміз келеді. Бүгінде жұмыс осы бағытта жүріп жатыр. Әрине, мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп жатыр, дегенмен қолдау жағы жетпей жатқан жандар да баршылық», - деді Болат Жәмішев «Хабар 24» арнасының «Ошакбаев LIVE» телебағдарламасының эфирінде.



Сондай-ақ, эфир қонағы қордың штатына қатысты түсінік берді.



«Қордың штаты үлкен емес, бар-жоғы 25 адам. Ескеретін жайт, қорға күніне елдің түкпір-түкпірінен қаншама қаражат түсіп жатыр. 25 адам оның бәріне есеп жүргізе алмайды. Сондықтан біз өңірлер бойынша қоғамдық қайырымдылық ұйымдарымен бірігіп жұмыс істейтін боламыз. Біз оларды қаржыландырмаймыз, тек серіктес ретінде жұмыс істейміз. Яғни аталған қоғамдық ұйымдар бізге көмекке мұқтаж жандар мен олардың құжаттарын рәсімдеп береді. Ал біз бәрін тексеріп, қайырымдылық жасау туралы шешім қабылдаймыз», - дейді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Болат #Жамишев #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков: Жаңа Конституция: жедел даму қалалары және Алатаудың бірегей экономикалық экожүйесін іске қосу

Бүгін 14:21

Алматыда жаңартылған конституцияның күшіне енуі қолдау тапты

Бүгін 14:15

Жүрексіз ойдың жемісі 

Бүгін 14:10

2 мыңнан астам алматылық жас жаңа Конституцияның күшіне енуіне арналған акцияларға қатысты

Бүгін 14:10

Тілге құрмет – жүректен: қазақшаға судай Ұлттық ұлан сарбазы көпке үлгі

Бүгін 13:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);