AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Болашақтың» талаптары күшейді

«Болашақтың» талаптары күшейді

Білім және ғылым 22.02.2023, 11:50 1,356 Almaty-akshamy.kz. 
«Болашақтың» талаптары күшейді
Сурет: ашық дереккөз

«Болашақ» бағдарламасының үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді.


Биылғы жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы стипендиясының үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Енді «Болашақ» бағдарламасының конкурстық іріктеуіне қатысу үшін үміткерлер шет тілін меңгергенін растауы тиіс, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz. 


Кандидаттар өтінім берген кезде, шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы сертификат ұсынады. Мысалға, ағылшын тілінде магистратураға түсушілер нәтижесі 9.0-ден кем дегенде 6.0 IELTS, PBT 677- ден 498, IBT 120- дан 60 TOEFL сертификаттарын, тағылымдамадан өтушілер - IELTS 5.0, PBT-417, IBT-35 TOEFL, DET 75 сертификаттарын ұсынуы тиіс.



«Биыл «Болашақ» бағдарламасының конкурстық іріктеу ережелері жетілдірілді. Бұл шара кандидаттардың құрамын сапалық жағынан арттыру үшін қабылданды. Шетелдік жоғары оқу орнының докторантурасына түсетін қазақстандықтарды қоспағанда, «Болашақ» бағдарламасының үміткерлері шет тілін меңгерудің жоғары деңгейін растауы қажет», - деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.



Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдан бастап «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына жеңілдігі бар кандидаттарды қоспағанда, жетекші шетелдік жоғары оқу орнынан шартсыз шақыруы бар үміткерлер ғана қатыса алады. Сонымен қатар В1 және одан жоғары деңгейі бар мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы ҚАЗТЕСТ сертификатын ұсыну талабы да қойылады. Биылғы жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында 555 стипендия бөлінді. Оның ішінде 395 стипендия магистратура/резидентура, 50 – докторантура бағдарламаларына үлестірілген, сондай-ақ тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.


Айта кетейік, құжат қабылдау және конкурстық іріктеу толығымен автоматтандырылған. Бұл халықаралық стипендия тағайындау конкурсының ашықтығын қамтамасыз етеді.  Үміткерлер өңірлерден шықпай-ақ өтінім береді және іріктеудің барлық кезеңдерінен өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#болашақ #бағдарлама #Талап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы Euronews эфирінде: халықаралық аудиторияға шаһардың туристік келбеті таныстырылды

Бүгін 12:12

Алматы GITF 2026 көрмесінде үздік мәдени туристік бағыт атанды

Бүгін 11:31

Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында ЛОР-хирургияның жаңа бағыты іске қосылды

Бүгін 11:28

Салық қарызы бар азаматтар шетелге шыға алмайды

Бүгін 11:15

23 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 10:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);