Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жариялан...

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Білім және ғылым 23.06.2023, 04:40 1,486
«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
Сурет: ашық дереккөз


Сондай-ақ ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша грант иегерлері белгілі болды




182 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Оның ішінде 149 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасында, 7 адам докторантурасында білім алады, 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Стипендиаттардың басым көпшілігі жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша шетелде даярланатын болады.



«Мемлекет басышысының тапсырмасы бойынша инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басымдық беріледі. Үміткерлерді қолдау үшін «Инженерлік-техникалық қызметкерлер» жаңа жеңілдік санаты енгізілді. Сонымен қатар біздің бастамамызбен медициналық қызметкерлерді іріктеу қағидалары жетілдірілді», - деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.



Сондай-ақ Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 328 қазақстандық ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша грант иегері атанды.


Отандық ғалымдар инженерлік ғылымдар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру, агроөнеркәсіптік кешен, медицина және т.б. салаларда зерттеулер жүргізу үшін әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына жіберілетін болады.


Естеріңізге сала кетейік, биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға құжат қабылдау төрт лекте өтеді. Үшінші легі биылғы жылғы 7 шілдеге дейін жалғасады. Жыл соңына дейін тағы бір легі 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында өтетін болады.


Ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 28 тамыз бен 13 қазан аралығында жалғасатын болады.


«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі мен ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша гранттар иегерлерінің тізімі мына жерден көруге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #грант #болашақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика