AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Болашақ жас ұландар ант қабылдады

Болашақ жас ұландар ант қабылдады

Әлеумет 19.12.2024, 15:40 1,150 Майра Байтуреева, Айгүл Жұмабекова, лицей оқытушылары
Болашақ жас ұландар ант қабылдады
aqshamnews.kz

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, дербес мемлекетке айналғанымызға 33 жыл толуына орай Алматыдағы 107 лицейде «Тәуелсіздік – тірегім» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Іс-шараға еліміздің тәуелсіздігі мен елдігін жырына арқау етіп жүрген айтулы ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, С. Мұқанов пен Ғ. Мүсірепов атындағы мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешенінің директоры Әділғазы Қайырбеков құрметті қонақ ретінде шақырылды. Мерекелік кешке лицей директоры Үмітхан Ақатанұлы, оның орынбасарлары Бақтыгүл Досынбекова мен Ғибрат Жапбасбаева бастаған ұжым мүшелері, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Алғашқы сөз кезегі Әділғазы Жақсылықұлына берілді. Ол ел тәуелсіздігі мен желтоқсан оқиғасы туралы терең ой қозғап, сол кезеңдегі өз естеліктерімен бөлісті. Ақынның «Желтоқсан жаңғырығы» поэмасынан үзінді оқып беруі жиналғандарға ерекше әсер етті. Сонымен қатар ол желтоқсан оқиғасының қаһармандарының бірі, қазіргі Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов туралы жазған кітабынан сыр шертті. Қатысушылар ақынның әр сөзін ұйып тыңдады.

Кеш барысында тарих пәнінің мұғалімі Айгүл Жұмабекованың жетекшілігімен лицейдің 8-сынып оқушылары желтоқсан оқиғасы мен қаһармандары туралы қойылым қойды. Шәкірттердің дайындық деңгейі жоғары болды, қойылым көрермендерді ерекше әсерге бөледі. Желтоқсан оқиғасының драмалық көріністері жиналғандардың жүрегін толқытып, жанын тебірентті.

Сонымен қатар, мерекелік кеш аясында оқушылардың «Жас ұлан» ұйымына қабылдау рәсімі өтті. Талапкерлер патриоттық сезіммен ант қабылдап, Отанын сүюге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге серт берді. Ақын Әділғазы Қайырбеков пен лицей директоры Үмітхан Ақатанұлы «Жас ұланға» қабылданған оқушыларға төсбелгі мен галстук тағып, оларға ақ жол тіледі.

Кеш соңында лицей директоры Үмітхан Ақатанұлы қорытынды сөз сөйлеп, көрнекті ақын Әділғазы Қайырбековке алғыс білдірді. Ақынға иығына шапан жауып, шығармашылық табыс тіледі. Өз кезегінде Әділғазы Жақсылықұлы да лицей ұжымына ризашылығын білдіріп, өзінің «Жандауа» жыр жинағын сыйға тартты.

Мерекелік кеш лицей оқушыларының өнер көрсетулерімен жалғасты. Күмбірлеген күй, сызылған ән, шабытты жыр жиналған қауымды рухтандырып, кешті ерекше әсерлі етті.

Бұл кеш – тәуелсіздігіміздің қымбат екенін сезіндіретін, рухани азық сыйлаған мазмұнды әрі мағыналы шара болды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тәуелсіздік #желтоқсан #Әділғазы Қайырбеков
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы төрінде астаналық камералық хор өнер көрсетті

Бүгін 14:59

Алматыда ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға Жеңіс күніне орай материалдық көмек көрсетілді

Бүгін 14:33

Алматыда тағы бір заңсыз құрылыс нысаны сүрілді

Бүгін 12:02

Соңғы екі жылда Алматыда ешкім тамақтан ұшынған жоқ

Бүгін 11:31

Алматының барлық ауданында гүлмен көгалдандырудың бірыңғай бағдарламасы жүзеге асып отыр

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);