AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда 1 500-ден астам оқушы екінші тоқсанды жаң...

Алматыда 1 500-ден астам оқушы екінші тоқсанды жаңартылған ғимараттарда бастады

Алматы Бүгін 15:52 51
Алматыда 1 500-ден астам оқушы екінші тоқсанды жаңартылған ғимараттарда бастады
Алматы әкімдігі

Алматының Медеу ауданындағы №56 Қ. Сәтбаев атындағы гимназия мен №17 мектеп-интернат күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жаңа зертханалар, жаңартылған оқу кабинеттері мен спорт алаңдары оқушылардың игілігіне берілді. Бүгін гимназияның 1 400 оқушысы мен мектеп-интернаттың 166 тәрбиеленушісі жаңартылған ғимараттарда оқуын жалғастырды.

№56 гимназияда ғылым мен технологияны меңгеруге мүмкіндік жасалды. Мұнда робототехника кабинеті мен заманауи зертханасы бар STEM кабинеті ашылды. Физика және химия зертханасы жаңартылып, оқу кабинеттері жаңа жиһазбен және компьютерлік техникамен жабдықталды.

Сабақтан тыс уақытта пайдаланылатын орындар да жаңарды. Мәжіліс залы кеңірек бөлмеге көшіріліп, жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілді. Кітапхана жаңғыртылды. Спорт залы кеңейтіліп, душ бөлмесі бар киім ауыстыратын орындар жабдықталды. Гимназия аумағындағы футбол және баскетбол алаңдары, жүгіру жолы да жаңартылды.

№17 мектеп-интернатта оқу және жатын бөлмелерінің бәрі жөндеуден өтті. Балалар мұнда аптасына бес күн болғандықтан, оқу кабинеттерін жабдықтаумен қатар, олардың тұрмыс жағдайына да ерекше көңіл бөлінді. Жатын бөлмелерге жаңа кереуеттер мен жиһаздар қойылды. 120 орындық асхана жаңа техникамен жабдықталды. Тәрбиеленушілер күніне бес рет ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Тарих, биология және ағылшын тілі кабинеттері заманауи құрал-жабдықтармен толықты. Мектеп-интернатқа интерактивті тақталар орнатылып, спорт залы мен спорт алаңы жаңартылды.

Ғимараттардың қауіпсіздігіне де айрықша назар аударылды. №17 мектеп-интернатта сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілді. Ал №56 гимназияда инженерлік желілер, бейнебақылау және өрт дабылы жүйелері жаңартылды.

Жаңартылған ғимараттарға оралған оқушылар екінші тоқсанды жайлы әрі қауіпсіз ортада бастады. Енді олардың сапалы білім алып, шығармашылықпен айналысуына және спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімі кеңейтіледі

Бүгін 16:44

Президент Qarmet компаниясының жаңа сұрыпты прокат кешенінің құрылыс алаңында болды

Бүгін 16:30

Мемлекет басшысына № 8 және № 9 кокс батареяларының құрылысы жөнінде баяндалды

Бүгін 15:45

Алматыда өнеркәсіп өндірісі 22,2 пайызға өсті

Бүгін 15:08

Олжас Бектенов жол саласын реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 14:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);