AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Алматыда өнеркәсіп өндірісі 22,2 пайызға өсті

Алматыда өнеркәсіп өндірісі 22,2 пайызға өсті

Экономика Бүгін 15:08 48
Алматыда өнеркәсіп өндірісі 22,2 пайызға өсті
Алматы әкімдігі

Ең жоғары өсім машина жасау саласында байқалды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 1,97 трлн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22,2%-ға артық. Өсімге негізінен машина жасау, тамақ және фармацевтика салаларының дамуы ықпал етті. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілдері айтты.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 1,67 трлн теңгеге жетіп, жалпы өнеркәсіп өндірісінің 84,8% болды. Осы саланың өсу қарқыны бойынша Алматы Қазақстан өңірлері арасында көш бастап тұр.

Ең жоғары өсім машина жасау саласында байқалды. Мұнда өндіріс көлемі 66,3%-ға артты. Өндірілген өнімнің едәуір бөлігін автокөлік өнімдеріне тиесілі.

Тамақ өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 9,4%-ға өсіп, 261 млрд теңгеге жетті. Фармацевтика саласында 20,4% өсім тіркеліп, өнім көлемі 21,8 млрд теңгеге жетті.

Өнеркәсіптің дамуына Алматының Индустриялық аймағында жаңа өндіріс орындарының ашылуы да серпін беріп отыр. Жыл басынан бері мұнда жалпы құны 5,8 млрд теңге болатын бес жоба іске қосылып, 345 жаңа жұмыс орны құрылды.

Олардың қатарында ALC панельдері мен газоблоктар өндіретін зауыт, Euro Truck Service логистикалық орталығы, жылу және сумен жабдықтау жабдықтарын шығаратын кеңейтілген өндіріс кешені, сондай-ақ екі шағын өнеркәсіптік парк бар.

2026 жылдың соңына дейін жалпы құны 6,7 млрд теңге болатын тағы алты жобаны іске қосып, 346 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта Индустриялық аймақта жалпы құны 1 трлн теңгеден асатын жобаларды жүзеге асырып жатқан 163 компания жұмыс істейді. Аталған жобалар аясында 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру көзделген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Qarmet компаниясының жаңа сұрыпты прокат кешенінің құрылыс алаңында болды

Бүгін 16:30

Алматыда 1 500-ден астам оқушы екінші тоқсанды жаңартылған ғимараттарда бастады

Бүгін 15:52

Мемлекет басшысына № 8 және № 9 кокс батареяларының құрылысы жөнінде баяндалды

Бүгін 15:45

Олжас Бектенов жол саласын реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 14:58

Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);