Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Болашақ» бағдарламасының түлегі ағылшын тілін үйр...

«Болашақ» бағдарламасының түлегі ағылшын тілін үйрететін авторлық бағдарлама жасап шығарды

Білім және ғылым 14.11.2022, 04:16 1,824
«Болашақ» бағдарламасының түлегі ағылшын тілін үйрететін авторлық бағдарлама жасап шығарды
Сурет: Ernur.kz

Бұл бағдалама ауыл балаларына ағылшын тілін үйретуді көздейді.


Тілдік дағдыны дамытатын жобаны әзірлеу үшін ол бірнеше оқу-әдістемелік құралдарын зерттеген. Сөйткен еңбегі еш кетпепті. Қазір оқушылары аудан бойынша озық тұр. Бақытгүл Бейсетбаева 13 жылдан бері ұстаздық етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Ол өзі жұмыс істейтін Жүрімбек Сыдықов атындағы мектептің 2005 жылғы түлегі. Жоғары білімді Қырғызстанда, ал магистратураны «Болашақ» бағдарламасымен Англияда оқыған білікті маманға кезінде түрлі лауазымды қызмет ұсынылыпты. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі соның бәрінен бас тартып, туған ауылында қалуды жөн санаған. 




«Өзімнің ұстанымым бар. Өзім еліме көмек көрсетсем қай жерде болмасы, ауылды жерде болмасын. осы негізгі ұстанымын себеп. Өз мектебімде жаңғырып, өз мектебімде жұмыс жасап осы балалардың деңгейін көтеріп үлесімді қосқым келеді», - Ж.Сыдықов атындағы орта мектептің мұғалімі Бақытгүл Бейсетбаева.



«Болашақ» бағдарламасының түлегі оқушыларға сабақ беріп қана қоймай, оқу әдістемелік құралдарды зерттеген. Сол арқылы «English ауылда» жобасына қатысып жеңімпаз атанды. Әрі ауыл балаларына шет тілін үйретудің авторлық бағдарламасын жасап шығарды.



«Біз оқу жылын бастағанда оқушылардан диагностикалық тест аламыз. Басында, ортасында өзінің уақытында тест алып мониторинг жасап отырамыз. Одан кейін мұғалімдерге көмек ретінде әдіс тәсілдермен жұмыс жасаймыз. Қалай оқушыға тиімді сабақ беру керек. Оқушыны бір сабақтан шыққан кезде бір екі сөйлемді біліп шығу керек. Осы жұмыстардың барлығы жасалды. Енді осы жұмыстарды министерствоға ұсынбақшымыз», - деді Ж.Сыдықов атындағы орта мектеп мұғалімі Бақытгүл Бейсетбаева.



Жүрінбек Сыдықов атындағы мектепте балалардың қарым қабілетін ашуға бағытталған тоғыз жоба жүзеге асып жатыр. Соның аясында қосымша факултативті сабақ өтетін «Жас өрт сөндіруші» кадет сыныбы ашылды. Білім ордасында өзге де бастамалар қолға алынған. 



«Ол «Біз таңдаған тоғыз қадам» деп аталады. Осы жоба ішінде «English ауылда» жобасы бойынша ұтып алған Бақытгүл Төлегенқызының жұмысы осы бағдарламаның ішіндегі стратегиялық бағыт болған. Сол тоғыз қадаммен жұмыс істеп, «Дарынды балалар», «Талантты ұстазға дарынды оқушы» секілді әрбір бағыт бойынша жұмыс жүріп жатыр», - деді Ж.Сыдықов атындағы орта мектептің директоры Әділжан Сыздықбаев. 



Мектепте ағылшын тілінен сегіз мұғалім сабақ береді. Олардың шәкірттері былтырғы ҰБТ аудан бойынша ең жақсы көрсеткішке қол жеткізді. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ағылшын тілі #авторлық бағдарлама #Болашақ түлегі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика