AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Болашақ» бағдарламасымен 200-ге жуық қазақстандық...

«Болашақ» бағдарламасымен 200-ге жуық қазақстандық білім алады

Білім және ғылым 13.07.2022, 07:06 1,366
«Болашақ» бағдарламасымен 200-ге жуық қазақстандық білім алады
Сурет: Baq.kz

Комиссия шешімімен «Болашақ» халықаралық стипендиясы 199 қазақстандыққа берілді. Олар магистратура мен докторантурада оқитын болады.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі тапсырмасына сәйкес инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға баса мән берілді. Егер өткен жылы инженерлік-техникалық мамандықтарға 36% стипендия бөлінсе, биыл 60% бөлінді.


Сонымен қатар, медициналық бағыттағы академиялық бағдарламаларға үміткерлердің қолжетімділігін және қызығушылығын арттыру мақсатында Республикалық комиссия медицина қызметкерлерін академиялық оқыту үшін жеке санат бөлу туралы шешім қабылдады.


Жалпы, биыл магистратура мен резидентурада оқуға 385 стипендия, докторантура бағдарламалары бойынша 60 стипендия бөлінді. Осы жылдың соңына дейін республикалық комиссияның тағы екі отырысы өтеді. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау биылғы 30 мамырда басталды және 14 қазанға дейін созылады. Тағылымдамадан өту үшін құжат қабылдау 2022 жылғы 5 қыркүйекте басталып, 14 қазанға дейін созылады.


Жиын қорытындысы бойынша Ерлан Қарин бірқатар нақты тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Болашақ стипендиясы #шетелде білім алу #оқуға түскендер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);