ffin.kz

Бокстан АЧ: Тоғыз боксшымыз финалға шықты

Бокстан АЧ: Тоғыз боксшымыз финалға шықты Сурет: Sports.kz

92 келідегі Айбек Оралбай да финалға шықты


Айбек Оралбай Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


А.Оралбай 92 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда ирандық Туфан Шарифимен қолғап түйістірді.


Айбек бірден бәсеке тізгінін қолға алып, айқын басымдылыққа ие болды. Мұны төрешілер де жоққа шығарған жоқ – 5:0, Айбек Оралбайдың пайдасында.


Осылайша, Азия біріншілігінде ерлер арасында Қазақстаннан тоғыз боксшы финалға жолдама алса, ал үшеуі қола жүлдемен күптелді.


А.Оралбай 12 қараша күні өтетін финалдық жекпе-жекте өзбекстандық, этникалық қазақ, әлем чемпионатының қола жүлдегері Мадияр Саидрахимовпен алтын жүлдені сарапқа салады. Ол жартылай финалда иорданиялық спортшыны 5:0 есебімен тізе бүктірді. Айбек 2021 жылы Белградта өткен әлем біріншілігінде осы Мадиярға жол беріп, жүлдесіз қалған еді. Сонда кеткен есесін қайтара ала ма, оны ринг көрсетеді.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия чемпионатында бүгін ерлерден 12 қазақстандықтың ½ финалда шығатынын жазған болатынбыз.


Сондай-ақ қазақстандық боксшы қыздардың финалдағы қарсыластары анықталды.


Боксшы Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатының финалына шықты.


Тағы бір қазақстандық әлем чемпионын ұтып, финалға шықты.


Азия чемпионатында 3 боксшы финалға шықты.


Алуа Балқыбекова бокстан Азия чемпионы атанды.


Бокстан Азия чемпионатында тағы екі қазақстандық боксшы финалға өтті.


Қамшыбек Қоңқабаев соңғы айқасқа жолдама алды.


Сәкен Бибосынов әлем чемпионын ұтып, финалға жолдама алды.


Асланбек Шымбергенов қарсыласын нокдаунға жіберіп, финалға шықты.


Нұрбек Оралбай қола жүлдені қанағат тұтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51