AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Біздің қала – біздің мақтанышымыз»: Алматыда 5000...

«Біздің қала – біздің мақтанышымыз»: Алматыда 5000 ағаш отырғызылады

Әлеумет 28.02.2025, 18:08 856 Nursok82
«Біздің қала – біздің мақтанышымыз»: Алматыда 5000 ағаш отырғызылады
Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты ауқымды қалалық науқан өтеді. Бұл науқан қала инфрақұрылымын жаңарту мен жақсартуға, экологиялық мәдениетті арттыруға және тұрғындарды қаланы дамытуға тартуға бағытталған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Құрметті тұрғындар! «Алматы – біздің ортақ үйіміз», ал әр үйде тазалық пен жайлылық болуы керек. Әрқайсыңызды өзінен кейін қоқыс қалдырмауға, табиғатты аялауға және тазалық сақтауға шақырамын. Біздің науқанға атсалысыңыздар! Қаламыз баршаға үлгі болсын! Алматыға деген қамқорлықтарыңыз бен сүйіспеншіліктеріңіз үшін рахмет!» – деп үндеу жасады Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров. 

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны қаладағы барлық ауданды қамтиды. Челлендж, байқау, эко-квест және флешмоб сияқты түрлі іс-шараға әрбір алматылық пен қала қонағы қатыса алады. 

Сондай-ақ, науқан барысында экологиялық акциялар өтеді. Олардың қатарында жүгіру мен қоқыс жинауды біріктіретін плоггинг, мектеп және балабақша оқушылары арасында пластик қақпақтарын жинауға арналған «Мейірімді қақпақ» бастамасы, қалдықтардан өнер туындыларын жасауға бағытталған «Қоқысты өнерге айналдыр» байқауы, пластик бөтелкелерді қайта өңдеуге тапсыруға арналған Plastic Reboot, жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді жинау және тағы басқа іс-шаралар бар.

«Былтыр басталған экологиялық бастамаларды жалғастырып, қаламызды одан әрі таза әрі жайлы етуге талпынамыз. 2024 жылы Алматыда жаңа көріктендіру ережелері бекітіліп, 6 мыңнан астам кәсіпкерлік нысаны үшін көріктендіру төлқұжаттары жүйесі енгізілді. Қазіргі таңда 4 918 төлқұжат рәсімделді, бұл жоспардың 82%-ын құрап отыр. Төлқұжаттау іргелес аумақтарға, оның ішінде ғимарат қасбеттері, тротуарлар, жасыл аймақтар және басқа да нысандар үшін жауапкершілікті нақтылауға мүмкіндік береді», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов. 

Науқан төрт тақырыптық аптаға бөлінген: 

* «Таза көшелер» (1–9 наурыз) – аялдамалар мен жол белгілерін тазалау, қоқыс жәшіктерін орнату, магистральдарды көркейту. 
* «Таза саябақтар, скверлер мен таулар» (10–16 наурыз) – табиғи аймақтарда сенбіліктер өткізу және қоқыс жинау шаралары. 
* «Таза аулалар» (17–23 наурыз) – «Үздік коммуналдық қызметкер» байқауы, қоршаулар мен көркейту элементтерін, балалар және спорт алаңдарын бояу (20–29 наурыз аралығында). 
* «Біздің қала – біздің мақтанышымыз» (24 наурыз–1 сәуір) – ескерткіштерді көркейту және жаппай ағаш отырғызу.

Науқан аясында қала инфрақұрылымын толықтай ретке келтіру, 4 мыңнан астам аула аумағын тазалау, 445 саябақ пен скверде сенбілік өткізу, өзен жағалауларын тазарту, 12 мыңға дейін антивандалдық қоқыс жәшіктерін орнату, 600-ден астам заңсыз орнатылған нысандарды бұзу, сондай-ақ 5000 ағаш пен бұта отырғызу жоспарланған.

Толық ақпарат Almaty.kz сайтында жарияланады

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза аулалар #Біздің қала – біздің мақтанышымыз #Таза саябақтар #скверлер мен таулар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);